Іске сәт жас маман

mag vypusk16Маусым айының 7-сі күні Ветеринарлық медицина және биотехнология факультетінің «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «Ветеринарлық медицина» және «Ветеринарлық санитария» мамандықтарын бітіруші 4-5 курс студенттерінің диплом алу мерекесі өткен болатын.

Биыл Ветеринарлық медицина және биотехнология факультетін 184 студент бітірсе, соның ішінде 52 студент үздік дипломмен аяқтаған.

Мерекеге ПОҚ мен студенттер және де ата-аналары қатысқан болатын. Құттықтау сөз алдымен оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Н.М. Губашев пен факультет деканы Е.Г. Насамбаевқа берілген болатын. Түлектерге алдағы уақытта сәттілік, сұранысқа ие маман, университет атын шығаратын азамат, азаматша болуларына тілектерін білдіріп, үздік нәтижеге бітірген студенттердің дипломдарын табыстаған болатын.

Бітіруші түлектерді «Эпизоотология, паразитология және ВСС» кафедрасының меңгерушісі Б.Е. Нургалиев, «Жұқпалы емес аурулар және морфология» кафедрасының меңгерушісі К.Е. Мурзабаев, «Биотехнология, мал және балық шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі А.Б. Ахметалиева құттықтап, дипломдарын табыстап, мереке соңы естелік фотосуретке түсумен аяқталды.

Вы здесь: Главная Магистрантам Іске сәт жас маман
Вы здесь: Главная Магистрантам Іске сәт жас маман