Ардагерлерге құрмет көрсетілді

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелері Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде де кең көлемде аталып өтілді.

Мерекелік шаралар шымылдығы 6 мамыр күні Әскери кафедраның студенттері ұйымдастырған салтанатты кешпен ашылды. Оған соғыс және тыл ардагерлерімен қатар университетте ұзақ жыл қызмет атқарған сала ардагерлері құрметті мейман ретінде шақырылды.

9mai16-19mai16-2

Шараға қатысушылар алдымен қан майданнан оралмаған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Әскери кафедра курсанттары Ұлы Отан соғысы жылдарында асқан ерлік көрсетіп, қаза тапқан қазақстандық жауынгерлер туралы баяндамалар оқып, батырлар рухына тағзым етті. Жауынгерлердің туған елге, ардақты ата-анаға, аяулы жарға, сүйікті балаға деген шексіз махаббаты мен ыстық сағынышынан туындап, Жеңісті жақындатуға үлес қосқан соғыс жылдарындағы әндерді орындады.

9mai16-39mai16-4

Ардагерлерді университеттің тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры А.Ұ.Сұлтанов пен Әскери кафедраның бастығы А.В.Юмалин құттықтап, жүрекжарды лебіздерін арнады. Сұрапыл соғыстың куәгерлері – ардагерлер болса, жастарға алғыстарын жаудырып, бейбітшілік пен тыныштықтың мән-маңызы туралы әңгімеледі. Мерекелік дастарқаннан дәм ауыз тиіп, емен-жарқын жүздескен соғыс, тыл және сала ардагерлері өздеріне көрсетілген құрмет үшін университет ректоры Н.Х.Серғалиевке, барша ұжымға, мереке күні тік тұрып қызмет көрсеткен факультет декандары мен Жастар комитетіне және студенттерге ризашылықтарын білдірді.

Кездесу соңында құрметті қонақтарға университет ректорының құттықтауы жазылған Алғыс хатпен қоса, азық-түлік салынған сөмке мен 25 мың теңге көлемінде сыйақы табысталды. Денсаулық жағдайына байланысты кездесуге қатыса алмаған өзге ардагерлерге дәл осындай сый-сияпат үйлеріне жеткізілді.

9mai16-59mai16-6

9 мамыр күні Жеңіс күнін мерекелеуге арналған шаралар батысқазақстандықтардың бауырластар зиратына, Кеңес Одағының Батыры Темір Масиннің, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың, Кеңес одағының маршалы Георгий Жуковтың ескерткіштеріне және «Ол күндердің даңқы өшпейді» монументіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ректораты мен студенттері «Ерлікке тағзым» акциясы аясындағы шеруде сап түзеп, Жеңіс алаңындағы салтанатты шараға қатысып, «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойды.

Мерекелік шаралар қалалық мәдениет және демалыс саябағында жалғасты.

Вы здесь: Главная Магистрантам Ардагерлерге құрмет көрсетілді
Вы здесь: Главная Магистрантам Ардагерлерге құрмет көрсетілді