Серпіндіктерді серпілткен «Аламан» сайысы

alaman-1Ағымдағы жылдың 5 сәуірі күні «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша оқитын студенттер арасында факультеттерде көктемдік «Аламан» шығармашылық фестивалі өткізілді.

Шараның мақсаты: Студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты арттыру, өнерлі де дарынды жастарды анықтау, отансүйгіштікке тәрбиелеу, көшбасшылық қасиеттерін дамыту, өздері білім алып жатқан аймақтарын тануға баулу және шығармашылық қасиеттерін шыңдау.

Факультеттерде өткізілген бұл шараға «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша оқитын студенттер белсене қатысты.

Шара «Мамандығым - мақтанышым!», «Серпін - асқақ ұраным!», «Серпін-Іскер Жастар», «Менің мақтан тұтар мекендерім», «Болашақтың мамандығы қандай» номинациялары бойынша өткізілді.

«Серпін - асқақ ұраным!» номинациясы бойынша Машина жасау факультетінің студенті Жеңісбекқызы Шуақ «Елім менің» өлеңімен үздік танылды. «Серпін-Іскер Жастар» номинациясы бойынша Машина жасау факультетінің студенті Дүйсеков Ермек ерекшеленді.

«Мамандығым - мақтанышым!» номинациясын агрономия факультетінің студенті Ильяс Ақбота иеленді.

«Менің мақтан тұтар мекендерім» номинациясы политехникалық факультеттің студенттеріне бұйырды.

Студенттердің бұл шараға қызығушылық танытып, ұйымшылдықпен қатысуы алдағы уақытта өз елінің көркеюіне үлестерін қосуға беретін әсері мол деп есептеледі.

alaman-2

alaman-3

Вы здесь: Главная Магистрантам Серпіндіктерді серпілткен «Аламан» сайысы
Вы здесь: Главная Магистрантам Серпіндіктерді серпілткен «Аламан» сайысы