«Тау тұлғалы қайраткер»

Кеше Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің әскери кафедрасы мен Жәңгір хан тарихи-этнографиялық музейінің ұйымдастыруымен ұлы даланың жалынды патриоты, әскери қайраткер, генерал-майор Шәкір Жексенбаевтың 115 жылдығына орай «Тау тұлғалы қайраткер» атты еске алу кеші өтті.

jeksenbaievҚазақ әскерін қалыптастыруға және алғашқы әскери оқу орындарын ұйымдастыру ісіне мұрындық болғанын, соғысқа сарбаз болып аттанып, генерал боп оралған қайсар мінезді жерлесіміздің ерен еңбегін бүгінгі ұландарға үлгі етуді мақсат тұтқан шараға ғалымдар, тарихшылар, өлкетанушылар, әскери кафедра ардагерлері мен курсанттар қатысты.

«Бүгін залға жиналған өрімдей жастарға қарап көзің сүйсінеді. Бейбіт елдің ұландары бейбіт күннің бағасын біліп өскей. Біле білген адамға бүгінгі шараның орны бөлек. Осы топырақта өсіп-өнген талай жауапты қызметтерді орындаған, техникалық әскерлердің генерал-майоры атанған тұңғыш қазақ бүгінгі ұрпақ жадында сақталса деген ой еді біздікі» - деді кеште сөз алған Шәкір Жексенбаевтың бел немересі Ермек Айталиев.

Тағылымды шарада п.ғ.д., Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, профессор Абат Қыдыршаев: «Ел тарихына үңілген жастарға бүгінгі кештің әсері жоғары. Осындай сериалды мағынаға толы шараларды өткізіп отырған университет ректоратына алғысымыз шексіз. Елбасымыз айтқандай тәуелсіздікті қолға алу бар және оны ұстап тұру бар. Тәуелсіздігіміздің мәңгілік болу жолында бізге батырлық керек, ерлік керек. Ол кез келгеннің қолынан келе бермейді. Ал енді қазіргі жастармыздың бойында батырлықтың соңғы үлгісін баптауымыз үшін осы Шәкір сынды ағаларымыздың өмір жолын біз біліп, насихаттауымыз керек» - десе, студенттері өз арнауларын оқыды.

Әсерлі кеште курсанттар өлең оқып, патриоттық әндер айтып, күмбірлеген күй ойналса, Шәкір Жексенбаевтың шөбересі Дидар Айталиев қатысып, Қадыр Мырзалиевтің «Шәкір Жексенбаев» атты өлеңін жатқа айтты.    

Сонымен қатар бұл күні «Генералы даланың» атты көрменің де ашылуы болып, оған генерал-майордың 1932 жылғы фотоаппараты, әскери кителі, құжаттарының түпнұсқалары мен көшірмелері, мақалалары мен бейнетаспалары, тарихи фотосуреттер мен «Соғыстың түтіні де ащы...» атты кітабы қойылды.

Вы здесь: Главная Магистрантам «Тау тұлғалы қайраткер»
Вы здесь: Главная Магистрантам «Тау тұлғалы қайраткер»