Екі жақты тиімді әріптестік

indusЖәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық көкжиегін жыл санап кеңейтіп келеді. 21-25 ақпан күндері білім ордасына Калинга өнеркәсіп технологиялары институтының (КІІТ) ректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Сатиендра Патнайк жұмыс сапарымен келді. Үнді ғалымының мәлімдеуінше, сапардың басты мақсаты - Білім-ғылым саласындағы бәсекелестік қабілетті арттырып, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асырып, маман даярлау ісіндегі мол тәжірибені игеру.

Ғылыми зерттеу институтында өткен «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық шеңберіндегі пәнаралық зерттеулер мен жобалар» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысқан Сатиендра Патнайк Астанада өтетін көрмеде өз елінің «жасыл энергетика» саласындағы жаңа әзірлемелерін көрсетуге дайын екендігін айтты. Университеттің профессор-оқытушыларымен кездесіп, оқу корпустарын, жатақханалары мен медициналық орталықты аралап, жоғары баға берген шетелдік қонақ көптілді білім беру орталығында да кездесу өткізді.

Ғылыми кеңес отырысында профессор Сатиендра Патнайк Калинга институты туралы толыққанды мағлұмат беріп, кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Қазіргі таңда Калинга институты әлемдегі «А» деңгейлі 50 үздік жоғары оқу орнының тізімінде. Негізін қалаушы - Ачута Саманта Үндістанның 45 мың баласына қамқорлық танытып отырған ірі меценат. Барлық штаттарды аралап жүріп, кедей отбасылардың балаларын интернатқа әкеліп, тегін тамақ, тегін баспана және тегін білім беретін үнді азаматының бұл игі ісі бейбіт күндегі ерлікке тең. Балабақшадан бастап, мектепте және интитутта білім алу мүмкіндігін сыйлап отырған Калинга инфрақұрылымы дамыған, заманауи кампусы бар, алпыстан астам мамандықтың басын біріктірген.  

Калинга өнеркәсіп технологиялары институтының (КІІТ) ректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Сатиендра Патнайк біздің бір студентке Калинга институтында тегін білім алу мүмкіндігін ұсынуға дайын екендігін айтты. Профессор-оқытушыларды академиялық ұтқырлық аясында тәжірибе алмасуға шақырды.

Университет ректоры, профессор Н.Х.Серғалиев барша ұжым атынан Сатиендра Патнайк мырзаға екіжақты әріптестікті дамытудағы қосқан зор үлесі үшін ризашылық білдірдіп, ата-баба салтымен қонақтың иығына шапан жауып, құрмет көрсетті. Ғылыми кеңес мүшелері Нұрлан Хабиболлаұылының Ачута Самантаға Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің құрметті профессоры атағын беру туралы ұсынысын бірауыздан қолдады.

Екі ел білім ордасының бір-бірінен үйренетін тұстары аз еместігі айқын, бұған дәлел болашақта атқарылар ауқымды бірлескен ғылыми жобалар мен халықаралық ынтымақтастық аясындағы атқарылар жұмыстар.

Вы здесь: Главная Магистрантам Екі жақты тиімді әріптестік
Вы здесь: Главная Магистрантам Екі жақты тиімді әріптестік