Рух пен тіл

ruh230216-1Университетімізде көптеген талант иелері бар. Әр студент әр түрлі қырынан танылып жатады. Солардың ішінен жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады. Әрине, шыңына жете білгенін ғана нағыз саңлақ деп айтамыз. Саңлақты анықтау да оңай емес екені анық. Оны анықтау үшінде сол саланың жілігін шағып, майын ішкен маман қажет.

Міне, сондай бір тамаша кештің бірі, 2016 жылдың 19 ақпанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай №1 студенттер үйінде ұйымдастырылған «Рух пен тіл» атты Мұхтар Шахановтың шығармаларын мәнерлеп оқу сайысы. Жастар ісі жөніндегі комитеттің қолдауымен «Мәңгілік ел жастары индустрияға «Серпін-2050» әлеуметтік бағдарласымен оқып жатқан студенттердің қатысуымен өткен әдеби сайыс жоғары деңгейде өтті. Студент-жастар қазақтың біртуар азаматы, ұлт жанашыры Мұхтар Шахановтың шығармашылығымен жақсы таныс екендіктерін дәлелдеп қана қоймай, сөз өнерінің құдіретін қастер тұтатындықтарын танытты. Шараның шымылдығы «Шыңғыс ханның қателігі немесе Жеңілген жеңімпаз жайлы Отырар дастаны»шығармасының желісі бойынша қойылғанәдеби-сазды көрініспен ашылды. Үш бөлімнен тұратын сайыстың алғашқы сатысында «Үй тапсырмасы» бойынша, әрбір қатысушы Шахановтың көлемді бір поэмасынан үзіндіні жатқа оқыды. Екінші «Сұрақ-жауап» бөлімінде ақынның «Эверестке шығу» жинағынан бір шумақ оқылды. Ал сайысқа қатысушылар қай өлең екенін табуы керек болды. Ақтық сайыс «Мүшайра» деп аталып, студенттер М.Шахановтың өлеңдерін жатқа оқыды.

Тартысты өткен сайыста АН-11 топ студенті Орал Бекжан бас жүлдені қанжығасына байлады. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ruh230216-2ruh230216-3

Вы здесь: Главная Магистрантам Рух пен тіл
Вы здесь: Главная Магистрантам Рух пен тіл