Дәрігер мамандармен кездесу

dariger16-1Ақпан айының 18 күні БҚАТУ-ң Студенттер үйінде «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» Серпін -2050 әлеуметтік жобасының арнайы грант иегерлерінің қатысуымен Салауатты Өмір Салтын қалыптастыру Орталығының мамандары, гинеколог-дәрігер Ә.И.Мамбетова, дерматолог О.О.Жантлеуова және психолог маман З.А.Каримова кездесу өткізді. Кездесугеоқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі маман Алпысбай Еркебұлан, тәрбие жұмыстар жөніндегі әдіскер С.С.Хисыметова және студенттік медицина орталығының дәрігері Ж.Т.Жұмабекова және Студенттер Үйінің коменданты А.Е.Даутова қатысты.

Тәрбие жұмыстар жөніндегі әдіскер С.С.Хисыметова қаламыздағы «Салауатты өмір салтын насихаттау» орталығынан келген дәрігерлермен таныстырып, «Кел, сырласайық!» шарасының маңыздылығына тоқталды.

Гинеколог-дәрігер Ә.И.Мамбетова бүгінгі студент қыз болашақ ана екенін ескерте келіп, әйел адамның денсаулығы, болашақ ананың нені білу керектігін және сәби денсаулығы жөнінде сұрақ-жауап арқылы түсіндірді.

Дерматолог-дәрігер О.О.Жантлеуова тері ауруларының соның ішінде жыныстық жолдармен пайда болу және қалай сақтану керектігі туралы түсінік берді.

Психолог маман З.А.Каримова адам психологиясы жөнінде,кездескен немесе пайда болған аурудың алдын алу, адамның жай-күйі жөнінде жалпылама мәлімет берді.

Студенттік медицина орталығыныңдәрігері Ж.Т.Жұмабекова бұл кездесудің маңыздылығына тоқталып, өз денсаулығы үшін әрбір адам аурудың алдын алу керектігін, дер кезінде ұялмай дәрігер мамандарға қаралу жөн екендігін айтып өтті.

Оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі маман Алпысбай Еркебұлан осы кездесудің өткізілуіне өз көмегін тигізді.

Студенттер өз ойларын ортаға салып, қойған сұрақтарына нақты жауаптар алды.

dariger16-2

dariger16-3

Вы здесь: Главная Магистрантам «Кел, сырласайық!»
Вы здесь: Главная Магистрантам «Кел, сырласайық!»