«25 жыл: Бір Ел. Бір Тағдыр»

1 el180216-1

Ауыл шаруашылық және өнеркәсіп салаларына қажетті білікті маман даярлайтын еліміздегі жетекші оқу орындарының бірі Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жыл: Бір Ел. Бір Тағдыр» атты патриоттық интернет-акциясына белсенді қатысты. Бүгін жергілікті уақыт бойынша 9 сағат 25 минут 25 секундта бастау алған акцияны телеарнадан тамашалаған студент-жастар түрлі әлеуметтік желілерде аватарларын мерекелік нақышпен безендірілген аватарларға ауыстырды. «Қазір барлық жастар уақытының басым бөлігін әлеуметтік желілерде өткізеді. Тіпті тәулік бойы ғаламтордан ажырамайтын жастар бар. Бүгінгі акцияға қатысу арқылы тәуелсіздігімізді қастер тұтып, құрметтейтіндігімізді білдіргіміз келді» дейді олар.

Патриоттық акцияға оқу орнынан 1500-ден астам білім алушы қатысты.

 1 el180216-2

Вы здесь: Главная Магистрантам «25 жыл: Бір Ел. Бір Тағдыр»
Вы здесь: Главная Магистрантам «25 жыл: Бір Ел. Бір Тағдыр»