Психологиялық тренинг

 serp120216-1serp120216-2

Ақпан айының 11 күні БҚАТУ №1 студенттер үйінде «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» Серпін - 2050 әлеуметтік жобасының арнайы грант иегерлерінің қатысуымен университет психологы Г.К.Кабуловамен кездесу өтті. Кездесуге Тәрбие жұмыстар жөніндегі әдіскер Д.С.Уксукбаева және оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі маман Алпысбай Еркебұлан қатысты.

Еліміздің әр аймағынан келген студенттердің эмоциялық,әлеуметтік бейімделуі, қарым-қатынас деңгейлерін анықтау және өз қатарластарына деген көңіл-күйлерін анықтау мақсатында Ризашылық күніне байланысты «Ризамын саған» тақырыбы аумағындаойталқы, психологиялық тренинг өткізілді.

І курс студенттері «Сіздің қарым-қатынастағы психологиялық ерекшелігіңіз қандай?» сауалнамаларына жауап беріп, өз ойларын жеткізді. Студенттер ойталқыға белсене қатысып, өздерінің мінез-құлықтары жөнінде және бірін-бірі танып білуге қатысты мәселелерге қызығушылық танытып, психолог тарапынан айтылған көзқарасты оң қабылдады. Әр топқа жеке–жеке психологиялық тапсырма, кеңестер берілді. Берілген кеңестерде құпиялық, сыр сақтау, жеке бас ерекшелігінде кездесетін қиыншылықтарға сабырлылық пен шыдамдылық таныта біліп шеше білу және бір-біріне ризашылықтарын жеткізе алу керектігі баса айтылды.

Студенттердің қызығушылық танытып, ұйымшылдықпен қатысуы алдағы уақытта мұндай психологиялық тренингтерді өткізудің қажет екендігін білдіреді және беретін әсері мол деп есептеледі.

serp120216-3serp120216-4

Вы здесь: Главная Магистрантам Психологиялық тренинг
Вы здесь: Главная Магистрантам Психологиялық тренинг