Зейнет демалысына шығарып салды

pensia-1Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ұжымы оқу орнында ұзақ жыл еңбек еткен бір топ аға буын өкілін құрметті зейнет демалысына салтанатты түрде шығарып салды.

Қай істі сеніп тапсырса да үлкен жауапкершілігік танытып, адалдығымен ерекшеленген аға ұрпақтың еңсесі қашан да биік. Олардың жүріп өткен еңбек жолы кейінгі жастарға үлгі-өнеге.

- Университетінің ректораты Сізді құрметті зейнет демалысына шығуыңызбен шын жүректен құттықтайды және білім ордасындағы табанды еңбегіңіз үшін ризашылық білдіреді. Әріптестеріңіз Сізді өмірден көрген-білгені мен тоқығаны мол, өзгеге қамқор қолын ұсына жүретін кеңпейіл, өз ісіне шын берілген қарапайым еңбек адамы ретінде үлгі тұтады.

Ұзақ жылғы еңбектің жемісін көретін зейнеткерлік – адам өмірінің маңызды белесі. Бар көңіл мен назардың отбасы мен туған-туысқа, бала-шаға мен немере-шөбереге ауатын мамыражай шағы. Алдағы уақытта дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін дей келе, университет ректоры Нұрлан Хабиболлаұлы Серғалиевқуаныш иелеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Отыз жылға жуық университет ректорының хатшысы болып қызмет атқарған Ольга Гребенщикова зейнеткерлер атынан алғыс білдіріп, білім ордасымен егіз өрілген еңбек жолына риза екендігін айтты.

pensia-2pensia-3

Вы здесь: Главная Магистрантам Зейнет демалысына шығарып салды
Вы здесь: Главная Магистрантам Зейнет демалысына шығарып салды