Серпіндіктермен кездесу

04.02.2016 ж. университеттің акт залында «Мәңгілік ел жастары- индустрияға» Серпін -2050 әлеуметтік жобасының арнайы грант иегерлерімен ІІ жарты жылдықтағы   кездесу өтті.

Жастар ісі комитетінің төрағасы А.Е.Өкшебаев бұл шараның маңыздылығына тоқтап,   жатақханадағы тәртіпсіздіктің және басқа да теріс әрекеттегі көзқарастардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары айтылды.

«Мәңгілік ел жастары - индустрияға Серпін-2050 әлеуметтік жобасының арнайы грант иегерлерінен өздері білім алып отырған университеттің, тұрып жатқан жатақхананың ішкі тәртіп Ережесінің қатаң талап етілетіндігі ескертілді.

Тәрбие жұмыстар жөніндегі әдіскер Хисыметова Салтанат Самиғоллақызы өз сөзінде, қысқы сессия қорытындысына, нәтижесіне тоқталды. Сабақтан қалмай, оқытушылардың берген тапсырмаларын дер кезінде орындап отырса, ешқандай қиыншылық жоқ, бәрі жақсы ойдағыдай болатынына тоқталды.

Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру жөніндегі маман М.Д.Шектібаев бойында таланты бар әрбір студент университетішілік шараларға қатысып, өз өнерін көрсетіп қоғамдық жұмыстарға қатысулары керек,сонда ғана студенттің әрбір уақыты тиімді өтетінін айтып өтті.

«Заңғар» газетінің бас редакторы Д. Альпейсова студенттерге жатақхана өмірінен, студенттік өмірден мақалалар берулеріне өздерінің жеке туындыларын газет бетіне жариялап отыруларына болатынын айтты.

Күн тәртібіндегі мәселелер түгел қаралып, студенттер өз ойларын ортаға салып, өз ұсыныстары мен сұрақтарын айтты.

serpin110216-1serpin110216-2

Вы здесь: Главная Магистрантам Серпіндіктермен кездесу
Вы здесь: Главная Магистрантам Серпіндіктермен кездесу