Даму тетігі – аграрлық сектор

«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVІІ съезінің өтуіне байланысты Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы дөңгелек үстелде бас қосты. Университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы Ақылбек Сұлтанов жиынның негізгі мән-маңызын, мақсатын ашып айтқан соң, «Нұр Отан» партиясының Орал қалалық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, «Жиһангер» бастауыш партия ұйымының төрағасы, сиез делегаты Нұржан Төлеповке сөз берді.

– Бас партияның құрылғанына наурыздың бірінде 17 жыл толады. Бүгінге дейін үдемелі индустриаландыру саясатын қалыптастыруы арқасында Қазақстан экономиканы әртараптандыру үшін қуатты негіз жасап үлгерді. Ауыл шаруашылығын жаңғырту арқылы мемлекетіміз әлемдегі астық экспорты бойынша таңдаулы ондыққа кірдік. Партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес аграрлық секторға басымдық берілмек. Ауыл шаруашылығындағы өнімділік 2021 жылға дейін 1,5 есе өседі. «Нұр Отан» барлық салада ғылымды дамыту үшін жаңа технологияларды меңгеруге үндеуде. Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев конституциалдық патриотизм атты жаңа парадигма ұсынды, – дей келе Нұржан Төлепов басқосуға қатысқандарды сайлауға әзірлік жұмысына белсене қатысуға шақырды.

Ұжым мүшелерінен сөйлеген ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, доцент, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Болатқали Төлебаев партияның аграрлық ғылым мен жаңа инвестициялық саясатты, шағын және орта бизнесті дамытуға зор көңіл бөліп жатқанына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ облысымыздағы, оның ішінде университет ғалымдары бекіре өсіру, жергілікті асыл тұқымды малды будандастыру, етті ірі қараны көбейту ісіне едәуір үлес қосқанын атап өтті. Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, университеттегі ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сағындық Бисеновтің айтуынша, сайлауалды бағдарлама уақыт талабына сай құрылған. Басым бағыттарды жүзеге асыру қазақстандықтардың қолынан келеді. Елімізде ауыл шаруашылық өнімдерінің шығынын азайтып, көлемін ұлғайтуға, сапалы шығаруға барлық жағдай жасалған. Техника ғылымдарының кандидаты, машина жасау факультетінің аға оқытушысы Самал Ахметжанова жастарға сенім артқан аргадер буынға алғыс білдірді.

«Жиһангер» бастауыш партия ұйымы былтыр қалалық «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» байқауында екінші орын иеленген. Бұл партия ұйымының мүшелегінде 300 адам бар. Олардың денін оқу орны ұжымындағы педагог мамандар құрайды. Студенттер де баршылық. Университетте екі сайлау учаскесі орналасқан. Басқосуға қатысушылар «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVІІ съезінің негізгі мақсат-міндетін қолдау туралы үндеуді бірауыздан мақұлдады.

sailau050216-1

sailau050216-3

Вы здесь: Главная Магистрантам Даму тетігі – аграрлық сектор
Вы здесь: Главная Магистрантам Даму тетігі – аграрлық сектор