«Жәннат» сахналанды

jannat16-1Жастарымыздың дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде жүргендігінің басты себебі – діни сауатсыздық, білімді имамдардан емес, ғаламтордан іздеудің кесірі деген пікірді жиі естіп жүрміз. Қазіргінің қыз-жігіттері көркем әдебиет пен өнерге қызықпайды деген наз да жиі айтылады. Енді қайтпек керек? Өскелең ұрпақты рухани азықтандыру және өнерге баулу үшін не істеу қажет? Көпшілігімізді толғандырып жүрген осы сауалдардың жауабын театр майталмандарының әдемі де әсерлі қойылымынан соң тапқандай болдық. Ақпанның 4-і күні Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының ұжымы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне арнайы келіп, «Жаннат» драмасын сахналады. Тума талант иесі, облыстық қазақ драма театрының бас режиссері Мұқанғали Томановтың «Жәннат» қойылымы өткен жылдың маусым айында алғаш көрерменге жол тартқан болатын.

Көпбалалы отбасының қарапайым өмірін суреттеуден басталған қойылым бөтен пиғылды адамдардың азғыруымен теріс ағымға шырмалған Сүйеніштің және оның іс-әрекетіне күйінген анасы мен бауырларының төңірегінде өрбиді. Атадан-балаға мирас болып жеткен салт-дәстүр мен жылдар бойы қалыптасқан отбасылық құндылықтарды харамға балап, намаз оқымағанның бәрін кәпір санап, іні-қарындастары мен анасының көңіліне қаяу салған Сүйеніш ақыры қара шаңырақтиан кетіп тынады. Сөйтіп жүріп, бұзақылық жасайды. Бауыр еті баласының тағдырына алаңдаған ана жүрек бұл азапқа шыдай алмайды. Анасының өлімінен соң ғана қателігін түсініп, есін жиған Сүйеніш дәстүрлі дінге бет бұрады.

jannat16-2- Осы спектакль арқылы режиссер мен актерлар жаннат ананың табанының астында деген ой тастайды, яғни, жат елге барып, жиһад жасау немесе дінсіздермен күресу – жәннатқа апармайды. Ата-анаңды, бауырларыңды сыйлап, жақсылық жасасаң, сабағыңды оқып, адал еңбек етсең, шариғат жолымен жүрсең, жәннатқа апарар жол осы деген ойды айтады. Маған қойылым өте ұнады,-дейді агрономия факультетінің 1-курс студенті Қуаныш Сман.

- Біз бүгін тамаша кештің куәсі болдық. «Жәннат» спектаклін зор қызығушылықпен тамашаладық. Бүгінгі күннің өте өзекті мәселесін қамтыған, біз сияқты жастарға салмақты ой салатын қажет қойылым болды деп ойлаймын, - дейді политехникалық факультеттің 1-курс студенті Наргиз Төлеген.

Сахна төріне көтерілген облыстық қазақ драма театрының директоры Қуаныш Амандықов, «Әдебиет» бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Сәдір, облыстық дін істері басқармасының бас маманы, теолог Нұржан Стамбакиевтер көрермендердің сұрақтарына жауап беріп, қойылымның жазылу тарихы туралы әңгімелеп берді. Жастар комитетінің жетекшісі Асхат Өкшебаев Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ректораты атынан алғыс айтып, ықылас гүлін ұсынды.

Вы здесь: Главная Магистрантам «Жәннат» сахналанды
Вы здесь: Главная Магистрантам «Жәннат» сахналанды