Қазір тұмаудың өршіп тұрған шағы. Әсіресе, саршұнақ аязда да жылуынан сұлуы деген қағиданы ұстанып, жұқа киінетін немесе бас киімсіз жүретін жастар жиі суық тиіп, ауырып жатады. Тұмауды жеңіл-желпі сырқатқа балап, уақытылы ем-дом алмағандықтың соңы кейде ауыр науқасқа ұласып жатады. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың Медициналық орталық мамандары барлық бес факультеттің студенттерімен кездесіп, тұмау және жіті респираторлық вирусты жұқпалардың алғашқы белгілері, алдын-алу және емдеу туралы түсінік берді.

Кездесуге БҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Жұлдыз Сүлейменқызы Каримова қатысып, «Өзіңізді тұмаудан қорғаңыз!» тақырыбында тренинг өткізді. Денсаулық-ең басты байлық болып саналатындығын, тазалықты сақтау, жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану туралы пайдалы кеңестер бере отырып, тұмаудың зардабы жөнінде баяндама жасады. Дене жаттығуларын жасап, сапалы тамақтанып, иммунитетті күшейтумен қатар, дер кезінде тұмауға қарсы екпе жасатудың да маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар тұмаудың алдын алу, сақтану жолдары слайд арқылы көрсетіліп, кітапшалар таратылды.

Жиын соңында студенттер өздерін толғандырған сауалдарына нақты жауаптар алды.

 gripp16-1gripp16-2

Вы здесь: Главная Магистрантам Өзіңізді тұмаудан қорғаңыз!
Вы здесь: Главная Магистрантам Өзіңізді тұмаудан қорғаңыз!