Жаңа жылмен құттықтады

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлы Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап кітапхана ұжымын санаулы күндерден соң төрімізге енетін Жаңа Жыл мерекесімен құттықтап қайтты.

kitap moldagaliev«Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» – деп Хакім Абай айтып кеткендей, кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Кітап – ғажайып қазына болса, кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір іспетті.

- Университеттің барша профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары атынан өңір жұртшылығын әдебиет пен өнердің, білім мен ғылымның құдіретті қайнарымен сусындатып жүрген кітапхана ұжымын келе жатқан жаңа мешін жылымен құттықтаймын. Қасиетті қазынамыздың көздің қарашығындай сақталып және насихатталып, ел игілігіне жарап жүргені сіздер сияқты өз мамандығына адал еңбекқор жандардың арқасы,-дей келе Нұрлан Хабиболлаұлы жақында ғана мерейтойын атап өткен кітапхана директоры Роза Жақияқызына сый-сияпат көрсетті. Ата-баба салтымен оқалы қамзол кигізіп, ақ жаулық жапты.

Мерейтой иесінің біздің университеттің қалыптасып, дамуы жолындағы сіңірген еңбегі орасан зор. Исатаева Роза Жақияқызы ең алғашқы еңбек жолын Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да (Орал ауыл шаруашылық институты) көркем әдебиеттер абонементінің кітапханашысы болып бастап, кейін жиырма жылдан астам уақыт оқу орнының Ғылыми кітапханасына басшылық етті. Роза Жақияқызының тікелей араласуымен және жетекшілігімен кітапхана аса құнды әдебиеттермен толықты. Оқырмандарға қызмет көрсету сапасы жаңа сатыға көтерілді. Сондай-ақ автоматтандырылған кітапхана жүйесі енгізіліп, халықаралық МАРС жобасының Қазақстандағы жалғыз қатысушысы атанды.

Университетіміздің сан мыңдаған түлектері қазіргі таңда кең байтақ Қазақстанның әр қиырында ғана емес, алыс-жақын шетелдерде түрлі салаларда жемісті еңбек етіп жүрсе, олардың білімді де білікті маман және ұлтжанды азамат болып қалыстасуына Роза Жақияқызының және бір кездері өзі жетекшілік еткен тұтас кітапхана ұжымының үлесі қомақты.

Вы здесь: Главная Магистрантам Жаңа жылмен құттықтады
Вы здесь: Главная Магистрантам Жаңа жылмен құттықтады