Құрмет көрсетті

uchen-sovet281215Биыл Қазақстандағы ең байырғы оқу ордасы, жетекші аграрлық оқу орны – Қазақ Ұлттық аграрлық университеті 85 жылдық мерейтойын атап өтті. Білім ордасының мыңдаған түлектері бүгінде Қазақстанның барлық аймағында және алыс-жақын шет мемлекеттерде түрлі салаларда табысты еңбек етіп жүр. Солардың бірі - «Дәуқара» шаруашылық қожалығының басшысы, «Магма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Галимов Алмат Орынғалиұлы.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде өткен Ғылыми Кеңесте университет ректоры, қауымдастырылған профессор Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлы әріптесі - Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Исабайұлы Есполовтың сәлемдемесін жеткізді. Яғни, Алмат Орынғалиұлына «Қазақ ұлттық аграрлық университетіне 85 жыл» мерейтойлық Алтын медалі мен «Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры» дипломын салтанатты жағдайда табыстады.

Ғылыми Кеңестің күн тәртібінде «Машина жасау» факультетінің деканы Шакешев Бекболат Теміржанұлының және «Политехникалық» факультетінің деканы Бакушев Асқар Асылғалиұлының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарларының орындалуы және болашақтағы міндеттері тақырыбындағы есебі тыңдалды. Сонымен қатар қос факультетті тексерген комиссия мүшелері де сөз алды.

Вы здесь: Главная Магистрантам Құрмет көрсетті
Вы здесь: Главная Магистрантам Құрмет көрсетті