Балдырғандар шаттыққа кенелді

25 желтоқсан күні білім ордамызда қызмет жасайтын профессор-оқытушылар және қызметкерлер құрамының балаларына арналған «Балалар шыршасы» өтті.

Дәл осы күні университет фойесінде қуаныш пен мерекелік көңіл-күй, шат думан орнады. Сәби күлкісіне бөленген ортадан ертегі кейіпкерлерін де кездестірдік. Жүздері бал-бұл жанған бар бала таласа-тармаса шыршаны айналып, Аяз атаны ортаға шақырысты. Өнерлі студенттер салған әдемі ән мен тамаша биге елтіген балалар би билеп мәре-сәре болды. Жаңа жылдық көпшілік сазды ойындарды көтеріңкі көңіл күймен ойнап шыққан өрендер Аяз ата, Ақшақар және ертегі кейіпкерлеріне өз өнерлерін ұсынып, тақпақ айтып, Аяз Атадан тәтті сыйлық алды. Ертегі кейіпкерлерінің киімін киген балдырғандар да назардан тыс қалмай, сыйлыққа кенелді.

Осылайша өрендер асыға күтетін мерекесін естен кетпестей тойлады.

utrennik16-1 utrennik16-2
utrennik16-3 utrennik16-4
Вы здесь: Главная Магистрантам «Балалар шыршасы»
Вы здесь: Главная Магистрантам «Балалар шыршасы»