Жаңа жыл қарсаңындағы жағымды жаңалық

bazavypuskЖәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің қос бірдей оқытушысы - ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, Кәсіптік практика және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің жетекшісі Насиев Бейбіт Насиұлы және ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, доцент, агрономия факультетінің деканы Төлегенова Диамара Қабденқызы «ЖОО үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары атанды.

Аталған ғалымдар 2015 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі үздік 200 оқытушының қатарына еніп, грантқа ие болды. Бейбіт Насиұлы аталмыш грантқа осымен екінші рет қол жеткізіп отыр. Ол 2009 жылы да «ЖОО үздік оқытушысы» атанған болатын.

Еліміздің жоғары оқу орындары оқытушыларының білімі мен біліктілігін жан-жақты саралайтын байқауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырып отырады.

Биылғы жылғы жеңімпаздардың есімдері бүгін министрліктің ресми сайтында жарияланды.

Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, отбасыларына амандық, шығармашылық табыс тілейміз!

Вы здесь: Главная Магистрантам «ЖОО үздік оқытушысы» байқауы
Вы здесь: Главная Магистрантам «ЖОО үздік оқытушысы» байқауы