Ардагерлер ұйымы жылды қорытындылады

ardager-2Кеше университетімізде ардагерлер ұйымының атқарған жұмысы туралы есеп беру жиналысы өтті. Аталған шараға тәрбие ісі жөніндегі проректор Ақылбек Сұлтанов, «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалының Саяси Кеңесінің мүшесі, «Жиһангер» БПҰ төрағасы Нұржан Төлепов және университет ардагерлері қатысты.

«Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деген тәмсіл қариялардың қоғамдағы орны мен рөлін дәл айқындайды. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, билер сөзінен аттаған тексізді кездестірмейміз. Бәрі де үлкеннің сөзіне тоқтай білген. Қазіргі заманда да, ақсақалдар кеңесі – қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі маңызы жоғары саяси-қоғамдық институционалдық құрылым, құрамында ел ағаларын басын біріктіріп отырған ұйым. 2015 жылғы мәліметке сүйенсек, университет бойынша соғыс, тыл еңбек ардагерлері – 138 зейнеткер болса оның 42-сі әлі қатарда қызмет атқарып келеді. Сонымен қатар2 ҰОС және 2 Ауған соғысына қатысқан азаматтар болса, Жеңістің 70-жылдығына орай университеттің Ардагерлер Кеңесінің ұсынуымен тыл ардагері санатын алған 9 зейнеткерімізді қосқанда 23 – тыл еңбеккерлері және 1- ҰОС қатысушының жесірі санатындағы азаматша есепте тұрады.

ardager-1Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестігі Орталық кеңес төралқасының 14 қаңтар 2015 жылғы қаулысына сай ардагерлер бастауыш ұйымдардың есеп беру-сайлау жиналыстары үстіміздегі  жылы өткізу жоспарланған болатын. Шарада есептік баяндамасымен сөз алған Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Әскерғали Шамғонұлы: «Білім ордасының биік дәрежеге жетуінің бастауында аға буын өкілдерінің ерен еңбегі тұрғандығын баршамыз да білеміз, біле тұрып, үнемі оларды қадір тұтамыз және қастерлейміз. Кезең-кезеңмен ұрпақ буыны ауысу заңдылығы сақталып келеді. Адал еңбегіміздің нәтижесі көз алдымызда, біздің басты мақтанышыз университеттің түлектерінің қатарында ғылым докторлары Қ.Бозымов, Б. Траисов, Г.Молдашев, Е.Насамбаев, Б.Нуралин, В.Вьюрков, Н.Ғұбашев, М.Ғабдулов, Б.Насиев және ғылым кандидаттары Р.Джапаров, Е.Аринкин сынды ғалымдар оқытушы қызметін арқаланып, жастарды ғылымға баулу бағытындағы ардагерлердің ісін жалғастыруда. Жалпы алғанда түлектер қатарында 15-ке жуық ғылым докторлары мен 300-ден астам ғылым кандидаттары бар. Қазіргі таңда білім ордасының Ардагерлер бастауыш ұйымының жұмысын жұргізіп отырғанАрдагерлер Кеңесінің құрамына 7 адам сайланған болатын. Кеңес ардагерлерінің міндетті тапсырмаларының бірі өз жұмысында университетте көп жыл бойы қызметтен кейін осы шаңырақта зейнетке шыққан тұлғаларды есепке алу болып табылады. Осы жерде «ұзақ жылдар бойы» деген терминнің мерзімін анықтап алайық, кемінде 15 жыл болса деген пікір дұрыс сияқты, себебі ЖОО дамуының бірден бір жолы ол тұрақтылық, ал ол кадр тұрақтылығынан басталады және сабақтастықтың кепілі. Осы жерде бір келісімге келсек ардагерлерге марапат және материалдық көмек деңгейі де оның еңбек өтіліміне, атқарған лауазымына, жасаған қызметіне сай болған дұрыс сияқты. Ардагерлер ұйымының басты міндеттерінің тағы бір қыры ол қоғамдық жұмысқа араласуға жағдай жасау мен қатар жастарды тәрбиелеу ісіне қатысу болып табылады. Әрине осындай іс басында зейнет жасына жетіп, әлі қызмет атқарып жүрген 42 ұстаз белсенді жұмыс атқарып келеді. Олар шәкірт тәрбиелеумен қатар, педагог-ғалым жас әріптестеріне бағыт-бағдар көрсету арқылы университетіміздің абырой-беделін асқақтатып жүр. Өз кезегінде зейнеткер-ардагерлер мүмкіндігіне қарай студенттермен кездесіп, университеттік, факультеттік және кафедралық шараларға қатысып келеді.

ardager-3Жыл сайын Жеңіс күніне орай БҚАТУ-лық соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне қаржылай және басқа да материалдық көмек көрсетілді. Әр жыл сайын университет ректоры кеңесшілерімен ақылдасып, мерейтойлық күндерге көңіл бөліп, оларға арнайы құттықтау адресін, гүл шоғырын, әр ардагерге 10-15мың теңге көлемінде қаржылай көмек, мерекелік сыйлықтар табысталды. Университетте 20 жыл еңбек еткен ардагерлерді «БҚАТУ ардагерлері» атты медальмен марапаттады. Ай сайын 1-2 ардагерді, жұмыс жасамайтын зейнеткерлерді санаторий–профилакторийға демалуға әрі емделуге жіберіп тұруға міндет жүктелген» - деді.

Ректорат атынан сөз алған Тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Ақылбек Ұзақбайұлы ардагерлердің университет өміріндегі орнын жоғары бағалап, атқарылған жұмыстарға жоғары баға берді.

«Университет ардагерлері Кеңесі де жоғары оқу орнының өміріне барынша араласып, жастарға бағыт-бағдар беріп, оларды отаншылдыққа, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеуде біршама үлес қосып келе жатқандығын білеміз. Тәртіпке көнбеген тентекті де тезге салу дәстүрі қазақ қоғамында болған, кезінде Ақсақалдар кеңесі осындай мәселелермен тікелей өздері айналысқан еді, сол дәстүрді жаңғыртса дұрыс болатын сияқты» - деді «Жиһангер» БПҰ төрағасы Нұржан Төлепов.

Жиын соңында Ақсақал Кеңесінің жаңа құрамы сайланды.

Вы здесь: Главная Магистрантам Ардагерлер ұйымы жылды қорытындылады
Вы здесь: Главная Магистрантам Ардагерлер ұйымы жылды қорытындылады