«Ақжайық – достық мекені»

2015 жылдың 14 желтоқсан күні №1 студенттер үйінде Ассамблеяның 20 жылдығына және Тәуелсіздік күнінің 24 жылдығына орай Достық клубының ұйымдастыруымен «Ақжайық – достық мекені» атты байқау өтті. Шараның мақсаты – жастар арасында бірлік, татулық, сыйластық ұғымдарын насихаттау. Қазақстанда мекенендейтін әр түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетімен танысу.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Біздің ортақ отанымыз – Қазақстанның қазіргідей қарыштап дамып отырғаны – елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да біздің осы қоғамдық татулығымыз». Аталған шарада командалар 5 топқа бөлініп, өздеріне берілген ұлттардың өнерлерін көрсетті (татар, орыс, өзбек, украин, азербайджан). Кешті Жастар комитетінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі бас маман, «Достық» клубының жетекшісі Мендігүл Сүлейменованың қорытындылап, жастарға деген жылы лебізін айтып, үздіктерді марапаттады.

tatu el-1

tatu el-2

tatu el-3

Вы здесь: Главная Магистрантам «Ақжайық – достық мекені»
Вы здесь: Главная Магистрантам «Ақжайық – достық мекені»