Тәуелсіздік күні тойланды

15 желтоқсан күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара болып өтті. Университеттің бірінші проректоры, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Өтеген Байырғалиұлы Таубаев профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларды еліміздің басты мемлекеттік мерекесімен құттықтады. Мереке құрметіне ЖОО-ның бірқатар қызметкерлері университет ректоры Нұрлан Хабиболлаұлы Серғалиевтің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды. Оған қоса елуге жуық қызметкерге алғыс жарияланды. Мейрам қарсаңында жалпы сомасы 16 млн теңге сыйақы берілді.

Салтанатты оқиғаға арналған баяндаманы философия ғылымдарының докторы, профессор Тілекжан Хасенұлы Рысқалиев, университеттің ардагерлер кеңесінің төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Әскерғали Шамғонұлы Шамғонов және бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының 2-курс магистранты Анастасия Сафина жасады. Олар егемендік жылдарында Қазақстан қол жеткізген жетістіктерге және университеттің өткен жылғы табыстарына тоқталды.

Салтанатты шара Жастар комитеті дайындаған мерекелік концертпен қорытындыланды.

tauelsiz16-1

tauelsiz16-2

Вы здесь: Главная Магистрантам Тәуелсіздік күні тойланды
Вы здесь: Главная Магистрантам Тәуелсіздік күні тойланды