Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – басты міндет

jemxorКеше университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің қызметкерлерімен кездесті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда құқықтық сауаттылықты арттыру мен азаматтардың мүдделерін қорғауды мақсат тұтқан жиында алғаш сөз алған тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор А.Сұлтанов: «Сыбайлас жемқорлық – ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп-қатерлерінің бірі болып табылады. Оны болдырмау, алдын-алу мақсатында білім ордасында көптеген шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Жыл сайынғы сессия уақытында жүргізілетін «Таза сессия» акциясы, сенім телефоны, университет ректорының жәшігі, университеттің блогы, университет сайты – осының бәрі жастарға сапалы білім беру үшін жасалынып жатқан дүние. Күні кеше ғана Елбасы Жолдауында мемлекеттік кіріс-шығыс жүйесін қайта қарауды ерекше атап өткен болатын. Сонымен қатар 2017 жылдың 1-қаңтарынан бастап, баршаға ортақ кіріс пен шығысты декларациялау күшіне енбек» - деді өз сөзінде.

«Сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күні БҰҰ-ның бастамасымен белгіленген. Дәл осы күні Мексиканың Мерида қаласында БҰҰ Бас ассамблеясы 2003 жылдың 1 қарашасында қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенцияға қол қойылды. Аталған құжатқа қол қойған мемлекеттер бюджеттік қаржыны жымқыру және сыбайлас жемқорлық жолымен пайда табуды қылмыс деп қабылдап, жаппай күрес жариялауы қажет. Кез-келген өркениетті қоғам үшін жемқорлықпен күрес өзекті болып табылады. Сыбайлас жемқорлық - мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы. Ол мемлекеттің дамуын тежейді. 2015-2025 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясында көрсетілгеніндей, бұл «дертпен» жалпы қоғам болып күрессек қана нәтижеге қол жеткізе аламыз» - деген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы Жұбаныш Аманқос 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы және оның іске асырылуы мен жаңа заң жобасын таныстырып өтті.

Келелі кездесуде университетіміздің заңгері Есенжан Ихсанов сөз алып, «Нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру тақырыбында сөз қозғап, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Вы здесь: Главная Магистрантам Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – басты міндет
Вы здесь: Главная Магистрантам Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – басты міндет