Жерлес футболшы студенттермен кездесті

futbol-1Өткен аптада білім ордасының студенттері қостанайлық «Тобыл» футбол командасының капитаны, 2010 жылғы Қазақстан чемпионы, 2003, 2005, 2010 жылдарғы Қазақстанның үздік футболисті, спорт шебері, жерлесіміз Нұрбол Жұмасқалиевпен кездесті.

Нұрбол бұл кездесуге алғашқы жаттықтырушысы Болат Шалаевпен және «Ақжайық» футбол клубының ойыншысы Алексей Мальцевпен бірге келді.

-   Нұрболдың бағын ауыл-елді аралап, футболға ерекше бейімі бар, дарынды қазақ балаларын ауыл-елден аралап, жинаған «Намыс» спорт клубы ашты десек қателеспеген боламын. «Намыстың» өкілдері Оралға келгенде П. Атоян атындағы жүлде үшін балалар арасында футболдан сайыс өтіп жатқан еді. Олар алаңдағы ойнап жатқан балалар қимылын жіті бақылап, әдістерін бақылады. Бапкерлердің көзіне түскен балалардың ішінде Нұрбол да бар еді. Шақырту бойынша Алматыға барғанымызда, пойызбен кешігіп келуімізге байланысты Нұрболмен жасты балалардың ойыны аяқталып, ересек топ ойнап жатыр екен. біздің келгенімізді көре сала, жасына қарамастан Нұрболды сол топқа қосып жіберді. Бірақ бұл сыннан да сүрінбеді, спортқа дарынды балаларға арналған спорт интернатта оқыды. жастар құрамасының сапында жақсы ойын өрнегін көрсетіп, ересектер құрамасына алынды. Команда капитаны болды.

Кеш барысында сөз алған кезінде өңіріміздің намысын қорғаған «Уралец» футбол командасының ойыншысы болған, «Қазақстанның үздік спортшысы» атағының иесі, қазір университетіміздің  шағын футболдан аға жаттықтырушысы Матияс Хамитов Нұрболдың ұлттық құрама сапындағы ойындарына тоқталды.

futbol-2«Алғаш алаңға үлкен ағам Ербол әкелген болатын. Бүгінде оның футболға мүлде қатысы жоқ. Бірақ менің үлкен спортқа келуіме себепші болды. Расымен, «Намыс» болмаса, ауыл-елді аралап қазақ балаларын жинамаса, менің тағдырым мүлде бөлек болар еді. 11 жаста туған ортаңнан алысқа аттану кімге болса да қиын. Әсіресе, балалық шақта. Үйдегідей емес, бәрі де тәртіпке негізделген. Күніне екі рет жаттығу. Сағынасың, бірақ футболға деген махаббат бәрің де жеңді. Ата-анам осы Оралда тұрады. Маусым аяқталғанда жылына бір рет отбасыммен келіп, аунап қайтатыным бар. «Ақжайық» та маған бөтен емес, 2 жыл ойнаған болатынмын» - деді Нұрбол өз сөзінде.

Келелі кездесуде студенттер Нұрболға футболға, жеке өміріне, болашақ жоспарларына қатысты сұрақтар қойды.

Шара соңында дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі Рауан Тұрдалиев келген қонақтарға өз ризашылығын білдіріп, университет атынан естелік сыйлық табыстады.

Вы здесь: Главная Магистрантам Жерлес футболшы студенттермен кездесті
Вы здесь: Главная Магистрантам Жерлес футболшы студенттермен кездесті