Тұңғыш Президент күнінде таңдаулылар марапатталды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің акт залында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай дəстүрлі "Үздіктер мен белсенділер слеті -2015" шарасы ұйымдастырылды.

den presid-1Аталған мерекелік жиында жалпы облысымыз бен еліміздің саяси-қоғамдық және мәдени өміріне етене араласып, үздік деңгейімен ерекшеленген 400-ге жуық студент марапатталды. Білім ордасының ең озат,ең мақтаулы, ең таңдаулы студенттерін марапаттаған университет ректоры Нұрлан Серғалиев: "Университет Сіздердің оқудағы, өнердегі, өмірдегі тың бастамаларыңызды қолдауға əркез дайын. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің үздік және белсенді студенттері деген мәртебелі атқа лайық болыңыздар! Жастар – мемлекеттің стратегиялық ресурсы және ел болашағының ерекше индикаторы. Сондықтан жас азаматтардың қоғамның саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінде барынша белсенді болуы аса маңызды. Елбасының бүгінгі Жолдауында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап студенттер қауымының шәкіртақысының 25 пайызға өсетіні туралы баяндалған болатын. Өзгерістерден қорықпай, өміршең, серпінді жобаларды жүзеге асыру жолында тың идеясы мол, өмірге жаңаша көзқараспен қарайтын жастарымыз үшін бұл үлкен қолдау"-деді.

Студенттер атынан сөз алған жастың бірі Олжас Сүлейменов: "Мен "Құрылыс" мамандығының 4-курс студентімін. Дзюдо күресінен спорт шеберімін, қазақша самбо күрес түрлерінен спорт шеберлігіне үміткермін. Дзюдо күресінен ҚР жастар құрамасының мүшесімін. Қазақ күресінен биылғы Орал барысымын."Дарынды бала" медалінің иегерімін. Осы залда отырған өзім секілді жас буынға айтарым, жастық шақта берілген барлық мүмкіндікті дұрыс пайдаланыңдар.Уақыттарыңды құр босқа өткізбей, спортпен шұғылданыңдар. Болашақ біз секілді белсенді, білімді,талантты жастардың қолында!"-дей келе қолдау танытқан университет басшылығына өз алғысын жеткізді.

Шара соңы мерекелік концертке ұласты.

den presid-2den presid-3

Вы здесь: Главная Магистрантам Тұңғыш Президент күнінде таңдаулылар марапатталды
Вы здесь: Главная Магистрантам Тұңғыш Президент күнінде таңдаулылар марапатталды