Дәстүрлі «Ашық есік күні!»

ashuk esik2015 жылдың 26 қараша күні университетімізде мектеп бітіруші түлектерге кәсіптік бағдар беру мақсатында дәстүрлі «Ашық есік күні» өткізілді.

Бұл шараға барлық қала мектептері, М. Өтемісов атындағы ОСМИ, педогогикалық лицейі және дарынды балаларға арналған №11 мектеп-лицейінің мектеп бітіруші түлектері қатысты.

Игі шара университетіміздің акт залында бастау алып, іс-шара барысында «Оқу және оқу әдістемелік жұмыстар» проректоры, а.ш.ғ.д Н.М.Губашев университет туралы мағлұмат беріп, мектеп бітіруші түлектерге мектепті ойдағыдай аяқтап, мамандық таңдауда сәттілік тіледі. Университет белсенді студенттері мектеп бітіруші түлектерге концерт ұйымдастырып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Шараның келесі кезеңіуниверситет факультеттерінде оздырылып, факультет декандары және кафедра меңгерушілері түлектерге мамандықтар туралы жан-жақты мәліметтер берді. Түлектер факультеттер және оқытылатын мамандықтар туралы өздерінің мазалап жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Сондай-ақ әскери кафедра жұмысымен де танысты.

Мектеп бітіруші түлектер мен жауапты ұстаздары дәстүрлі «Ашық есік күні» іс-шарасын ұйымдастырған университет ұжымына алғыстарын білдіріп, Жәңгір хан ескерткіші алдында естелік суретке түсті.

Вы здесь: Главная Магистрантам Дәстүрлі «Ашық есік күні!»
Вы здесь: Главная Магистрантам Дәстүрлі «Ашық есік күні!»