Баскетбол жарысы

basketbol241115Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің №1 Студенттер үйінің студенттік кеңес мүшелерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясы 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесін өткізу арқылы жастарды спортқа баулу мақсатында қабатаралық спорттық жарыстар өткізілді. Спорттық жарыстарды өткізудегі басты міндет – жастардың өз бос уақыттарын тиімді пайдалануға баулу, салиқалы, дені сау, белсенді жас қоғамды қалыптастыру және жастарды ортақ бір іске жұмылдыру болатын.

Баскетбол – спорттық жарыстың бір түрі. Бұл жарыс достыққа негізделген жарыс болды. Қабат арасында ер балалардың да, қыз балалардың да арасында ұйымдастырылған бұл ойын қызықты әрі әділ өтті. Әр команда өз қабаттарының намысын қорғады. Тартысты да, тартымды өткен бұл ойында Жастар ісі жөніндегі комитеттің маманы Еркебұлан Алпысбай төрешілік етті.

2015 жылдың 17 қыркүйегінде өткен қыз балалар арасында бұл ойында I орынды 5-қабат, II орынды 9-қабат, III орынды 8-қабат студенттері иеленді. Ең үздік ойыншы 5-қабат тұрғыны, ВМ-42 тобының студенті Едилбаева Айгерим Беймбетовна атанды.

2015 жылдың 14 қараша күні өткізілген ер балалар арасындағы бұл ойында I орынды 8-қабат, II орынды 2-қабат, III орынды 4-қабат студенттері иеленді. Ең үздік ойыншылар 2-қабат тұрғыны, ЗКР-31 тобының студенті Үбан Қолқанат Мақұлбекұлы мен 4-қабат тұрғыны, ТМО-43 тобының студенті Нурмуханбетов Айдын Тайрович атанды. Сонымен қатар 6-қабат пен 8-қабат «Үздік киім үлгісі», 5-қабат пен 2-қабат «Үздік жанкүйер» номинациясы бойынша марапатталды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубокпен, мадақтама қағаздарымен марапатталынды. Марапаттау рәсімі Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Асхат Ерболатұлы Өкшебаев пен Жастар ісі жөніндегі комитет мүшесі, маман Еркебұлан Алпысбайдың қатысуымен өтті.

Жарысты ұйымдастырған студенттер үйінің спорт бөлімінің жетекшісі, СТР-11 тобының студенті Тоқтамұрат Мұхтар Сүндетұлына алғысым шексіз!

Вы здесь: Главная Магистрантам Баскетбол жарысы
Вы здесь: Главная Магистрантам Баскетбол жарысы