Танымал теолог студенттермен кездесті

teolog20111518 қараша күні университетіміздің студенттері елімізге танымал дінтанушы Арман Қуанышбаевпен кездесті.

Кездесуде алғаш сөз алған облысымыздың бас имамы Руслан Сұлтанов бұл шараның маңыздылығына тоқталып өтіп, сөз кезегін дінтанушы, теолог, РАНТ мүшесі, Йемен мемлекетіндегі «Саба» университетінің түлегі, магистрант, Ислам тақырыбы аясындағы көптеген уағыз-насихаттардың авторы Арман Баймағамбетұлына берді. Уағыз-насихат айту және сұрақтарға жауап беру форматында өткен кездесуде жастар неке жүзігі, мәзхабтар, құлпытастың бетін сипау, нәрестенің маңдайына күйе жағу, туған күн тойлау, ата-ана туралы, қиямет күні туралы сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды.

Бүгінде дін мәселесі ел бірлігі мен ұлттар татулығы тақырыбына тұздық болып отыр. Яғни, зайырлы қоғамда ұлттар мен ұлыстардың сенім бостандығына селкеу түсірмей, дәстүрлі дінімізді көтеру, жұрт болып жұмыла жұмыс жасау баршамыздың міндетіміз. Жасырары жоқ, қазіргі теріс пиғылды топтардың бүгінгі басты нысанасы – діни сауатсыз жастар. Ақиқатты алыстан іздеген жастарымыз мәселенің түпкі байыбына бармастан кейін бармағын тістеп, опық жеп қалған өмір мысалдары қаншама?!

«Әр адам өзіне тапсырылған істі жіті орындауы қажет. Бүгінгі таңда сіздердің басты міндеттеріңіз - маман атану. Мен секілді мамандар толып жатыр деген пікірде болсаңыз, сізге жұмыс көзін табу қиындық соқтырары анық. Ал біліміңізді жетілдіріп, қатарыңыздың алды болсаңыз сізге талас болары ақиқат»- деп теолог кездесуді түйіндеді.

Вы здесь: Главная Магистрантам Танымал теолог студенттермен кездесті
Вы здесь: Главная Магистрантам Танымал теолог студенттермен кездесті