Біздің қыздар - жеңімпаз

voli091115-117-қараша Халықаралық студенттер күніне орай Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы және Орал қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен жоғары және кәсіптік техникалық білім беретін оқу орындары студенттері арасындағы спартакиада өткен болатын. Аталған спартакиадада спорттың футбол, волейбол, үстел теннисі, қол күресі, қазақ күресі, тоғызқұмалақ түрлерінен сайыстар өтті. Осы көпсайысты жарыс тұғырында біздің студент қыздар құрамасы университетіміздің намысын қорғау жолында өз бағын сынады.

Волейболдан жоғары және кәсіптік техникалық білім беретін оқу орындары студенттері арасында жүлделі орындарды сарапқа салу үшін 15 құрама команда өнер көрсетті. Жарыстың ашылу салтанаты биыл жаңадан бой көтерген «Арман» спорт кешенінде оздырылды.

Құрама командалар өздерінің дене, техникалық-тактикалық, команда болып қалыптасуы және тәжірибелік дайындықтарына қарай өнерлерін ортаға салды. Осындай деңгейдегі жарыста жартылай финалдық кездесулер үшін үздік төрттік те анықталды. Олар: Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ, Орал педагогикалық колледжі және Батыс Қазақстан медициналық колледжі командалары болды. Аталған құрамалардың ішінде осалы болмаса да, біздің БҚАТУ құрамасының арулары үздік нәтижемен жарыс жеңімпазы атанды. БҚАТУ құрамасының мүшелері: Кужебаева Әлия - ЭЭ-42, Кустанова Альбина – АН-42, Батырханова Бақзада – МС-31, Бикужиева Бақтыгүл – ТПР-31, Күзембаева Әйгерім – ВС-31, Тулегенова Салтанат – ТМО-31, Кунакбаева Айкерім – ССМ-31, Төреқұл Гүлжаз – ЭЛ-11, Әуелбек Ғалия – ССМ-11.

voli091115-2

Вы здесь: Главная Магистрантам Біздің қыздар - жеңімпаз
Вы здесь: Главная Магистрантам Біздің қыздар - жеңімпаз