Жүлденің барлығы бізде!

innova15-2Жаңалық пен ғылымды, технологияны, техниканы өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында Қазақстанда «Индустриалды-инновациялық даму» бағыты көзделген. Бүгінде біз үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған алып мемлекетке айналудамыз. «Бәсекеге қабілеті мемлекеттің тірегі – жастар» ұранымен Батыс Қазақстан облысы көлемінде «Технопарк «Алгоритм» ЖШС ұйымдастырумен ағымдағы жылдың 29 қазан күні оқушылар мен студенттер арасында «ИННОВА-2015» инновациялық жобалар байқауы өткізілген болатын.

Байқауға Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, ҚазИИТУ, БҚИТУ және қаламыздағы өзге де жоғары және арнаулы орта оқу орындары қатысты. Екі кезеңнен тұратын байқауға 58 жас талант өтініш берген болса, соның 31 іріктелініп алынды. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенттері тоғыз жоба тапсырған болса, соның жетеуі іріктеуден өтіп, екінші кезеңге жолдама алды. Байқауға оқушылар мен студенттердің өз қолдарымен жасалған жобалары ұсынылды. Олардың ғылыми-инженерлік және зерттеуге негізделіп, еш жерде жарияланбаған болуы байқаудың басты шарты еді. Іріктелініп алынған жобалардың барлығы да аталған талаптарға сәйкес болды.

Соның ішінде «Студенттердің үздік инновациялық жобасы-2015» номинациясы бойынша:

I орынмен машина жасау факультетінің «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығының 3-курс студенттері: Нурболатова Айнара, Қалдыбаева Айман, Кабакова Арайлым, Мырзабаева Арай, Смаил Есімхан (50 000 тг) марапатталды. Жобаның ғылыми жетекшісі аға оқытушы, магистр Кушалиев Дәурен Қайсарұлы. Топтың ұсынып отырған жобасы «Сорбциялық катализатор арқылы атмосфераға тарайтын газ шығарындылар тазалауға арналған құрылғыны өңдеу» деп аталады. Жалпы жобаның өзектілігі: қазіргі таңда қоршаған ортаны ластаушы факторлар көп, соның бірі және бірегейі көлік құралдары болып табылады. Бұл жобадағы басты мақсат көліктердегі жаңа құрылғыны, яғни катализаторды қоршаған ортаға шығарылатын газ қалдықтарының мөлшерін бірнеше есеге азайтатын, тиімді әрі арзан етіп жасап шығаруға бағытталуында.

innova15-3II орынды «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының студенті Ізғалиева Мөлдір «Резеңкелі - битумдық жақпаны алу мақсатында мұнай қалдықтарының өңдеуден өткізу» инновациондық жобасымен (30 000 тг) иеленді. Ғылыми жетекшісі – химия ғылымдарының кандидаты, доцент Майра Жолбасарқызы Алмағамбетова.

Сондай-ақ, III орынды машина жасау факультетінің «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығының топпен жұмыс жасаған 3-курс студенттері: Талғатова Әлия, Мерекеева Балсәнім, Құрман Жазира, Арыстанғалиқызы Құралай, Нұралиева Дана (20 000 тг) жеңіп алды. Жобаның жетекшісі аға оқытушы, магистр Кушалиев Дәурен Қайсарұлы. Топ студенттері «Ауылшаруашылығы мен құрылыс саласында фосфогипсті қайта өңдеп, кәдеге жарату» тақырыбындағы жобасын ұсынды. Жобаның маңыздылығы фосфогипсті өңдеу технологияларының осы күнге дейін қарастырылмағандығында. Студенттердің бұл жобада алдына қойған мақсаты осы улы фосфогипс қалдығын қайта өңдеу технологиясының әр кезеңін жете зерттеп, құрылыс пен ауылшаруашылығында кеңінен шектеусіз қолдануға болатын, экологияға зиянсыз өнім жасап шығару. Жобаның ерекшелігі ретінде фосфогипсті өңдеуге қолданылып отырған технологияларының табиғатқа зиян келтірмеуі мен қажетті құрал-жабдықтардың арзандығын атап көрсетуге болады. Бұл жобаның инновациялығы фосфогипстің отандық өнім болып табылуында.

Студенттердің жобасын саралаған комиссия мүшелері жобаның үздіктерін анықтады. Жүлделі орын жеңімпаздары ұйымдастырушылар атынан диплом және байқау демеушілері «KA BUSINESS GROUP» ЖШС тез тамақтану мейрамханалар желісі «Burger CLUB» атынан қаржылай сыйлықтармен марапатталса, қалған қатысушыларға арнайы сертификаттар, ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Жеңімпаздарды қала әкімінің орынбасары Стексов Игорь Валерьевич   құттықтады.

Жетекші ретінде студенттерімнің жетістігі мені аса қуантады. Студенттерімнің оянған қызығушылықтары мен құлшыныстарын сөндіріп алмай, олардың биіктерден көрінулеріне тілектеспін және барынша өз үлесімді қосамын. Мұндай жетістік қай адамның да бойынан табылады, сондықтан барлық студенттерді инновация саласына ден қойып, еліміздің әрі қарай дамуына үлес қосуға шақырамын.

Жоғарыда аталып өткен жетістіктерге қол жеткізуіміз бен бастауларымызға септігін тигізіп, қолдау көрсеткен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры Н.Х.Серғалиевке, машина жасау факультетінің деканы Б.Т.Шәкешевке, «Мұнай-газ ісі және машина жасау технологиясы» кафедрасының меңгерушісі К.А.Нариков пен «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының меңгерушісі Н.Б. Адиловаға алғысымызды білдіреміз.

innova15-1

Вы здесь: Главная Магистрантам ИННОВА-2015
Вы здесь: Главная Магистрантам ИННОВА-2015