Мұрат Әбенов Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-ға келді

abilov-serpin131 қазан күні Батыс Қазақстан облысына іс-сіпармен келген «Серпін-2050» әлеуметтік жобасының үйлестірушісі Мұрат Абенов аймақтағы ең ірі білім-ғылым кешені Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде болды. Ең алдымен университеттің Ғылыми зертеу институтын, Машина жасау факультетін, Студенттік медициналық орталық пен серпіндіктер қоныстанған Студенттер үйін аралап, білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысқан Мұрат Абдуламитұлы «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» Серпін-2050 әлеуметтік жобасының арнайы грант иегерлерімен кездесу өткізді.

Жиында алғашқы болып сөз алған университеттің бірінші проректоры Өтеген Таубаевқұрметті қонаққа барша профессор-оқытушылар қауымы мен білім алушылар атынанқош келдіңіз айтты. «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша, еліміздің 5 облысынан, атап айтқанда Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан университетімізге келген 341 студентке барлық қажетті жағдай жасалғандығын жеткізді.

abilov-serpin2- Биыл «Серпін» бағдарламасы бойынша, гуманитарлық салаға қарағанда, техникалық мамандықтарға грант көбірек бөлінгені белгілі. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ аталмыш бағдарламаға биыл бірінші жыл қатысып отыр. Десек те, Серпіндік студенттер бас-аяғы бір-екі айдың көлемінде университетке, жатақханаға, оқытушыларға бейімделіп үлгерді. Жатақханамен жүз пайыз қамтылған, барлығы да Студенттер үйінде тұрып жатыр. Декандары, эдвайзерлері, жастар комитеті олармен үнемі тығыз байланыста жұмыс істеп, қандай да бір қажеттілік туындай қалғанда, көмек беріп тұрады, - деді Өтеген Байырғалиұлы.

Кездесу барысында Мұрат Әбенов Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен былтыр бастау алған «Серпін-2050» әлеуметтік жобасыжастарға шын мәнінде жаңа серпіліс әкелген жоба екендігін атап өтіп, бағдарламаның мақсат-міндеттері туралы кеңінен әңгімелеп берді. Биыл аталмыш бағдарламаға қызығушылықтың артып отырғандығын айта келе, үгіт-насихат жұмыстарын әлі де жетілдіре түсу қажеттігін жеткізді. Әр облыста «Серпін» қозғалысын, «Серпін» ұйымдарын құру арқылы студент-жастардың басын біріктіріп, ел игілігі үшін жұмыс істеуге шақырды. Студенттердің сұрақтарына жауап беріп, ортақ суретке түсті.

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дағы серпіндік студенттер тек білімде ғана емес, түрлі қоғамдық шараларда да белсенділігімен ерекшеленіп жүр. Мәселен, қаламыздың жоғары және арнаулы орта оқу орындары арасында «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алушы студенттер арасында өткен «Аламан-2015» фестивалінде біздің студенттер 4 аталымда үздік деп танылды. Фестивальдың бірінші күні спорттық жарыстарда университеттің қыздар командасы волейболдан бірінші орынды жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте шағын футбол және тоғызқұмалақтан екінші орынға тұрақтады. Екінші күні пікірсайыс, көркем сөз, ұлттық би, дәстүрлі және эстрадалық ән, үздік бейнеролик және КТК номинациялары бойынша сынға түскен Серпіндіктер талантымен, жаңашылдығымен, жеңіске деген құштарлығымен, көшбасшылығымен ерекшеленді. Қызықты әрі тартысты өткен бәсекеде университет намысын абыроймен қорғаған студенттеріміз айқын басымдылықпен жеңіске қол жеткізді. Атап айтсақ, үш бірдей номинацияда: пікірсайыс, ұлттық би және дәстүрлі әнбойынша бірінші орын, эстрадалық әннен екінші орын, көркем сөз оқудан үшінші орын.

Серпіндік студенттерді жеңістерімен құттықтаймыз! Әрдайым үздіктер қатарынан табылып, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың мерейін асқақтата беріңіздер!

 abilov-serpin3abilov-serpin4

Вы здесь: Главная Магистрантам Мұрат Әбенов Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-ға келді
Вы здесь: Главная Магистрантам Мұрат Әбенов Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-ға келді