«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе...»

Абай – ғасыр жібінде бір туатын жұлдыз шырақ. Ақынға деген құрмет еліміздің игілікті істерінен әрқашан байқалады. Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл. Осыншама жылдар бойы ақынның ұмытылмауы оның тірі кезінде қалдырған ұлы мұрасы. Біз мұны халыққа, елге, Отанға деген махаббаты деп білеміз.

Осы орайда қазақ және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен ақын шығармашылығына арналған «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе...» атты ЭЭ-12 тобының «Болашақ» және ВС-13 тобының «Алаш ұландары» командалары арасында ойкөкпар өтті. Сайыс барысында жүрегін шырақ етіп жандырған, жырымен жан сусынын қандырған, өзіне – өзі ескерткіш орнатып, мұра ғып кейінгіге қалдырған ақынның өлеңдері үш тілде жатқа оқылып, Абай әлеміне саяхат жасалып, ұлы жазушы М.О.Әуезовтың еңбегімен әлемге танылған «Абай жолы» роман-эпопеясынан көріністер көрсетіліп, ақын әндері әуелете шырқалды. Тыңғылықты дайындықтары арқасында «Болашақ» командасы жеңіске жетті. Сайыс барысында МС-11 топ студенті Қыдыров Жандостың, ЭЭ-12 тобының студенті Нигметуллиев Ерланның сөз саптауларына, СТР-12 тобының студенттері Сеймулдина Индира мен Саматов Асанның өнерлеріне көрермендер ризашылығын білдірді.

Абайдың кейінгі ұрпағына қалдырған мұрасы – қазақ жастарының арасында кеңінен насихаттала берері даусыз.

abai231015-3

Казахский поэт-просветитель, великий мыслитель казахского народа Абай Кунанбаев – образец всему нашему человечеству. Великий гуманист, талантливый мастер слова Абай, он единственный, кто прославил казахский народ на весь мир.

В этом году празднуется 170-летний юбилей со дня рождения великого Абая Кунанбаева. В честь этой знаменательной даты кафедра казахского и русского языков среди команд «Болашақ» группы ЭЭ-12 и «Алаш ұландары» группы ВС-13 провела командное интеллектуальное соревнование «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе...», посвященные жизни и творчеству Абая. Здесь были представлены выразительное прочтение произведений Абая на трех языках, путешествие в мир поэта, презентированы отрывки из романа-эпопеи М.Ауэзова «Путь Абая». В результате усиленной подготовки команда «Болашақ» одержала победу. По итогам конкурса приза зрительских симпатий удостоились студент группы МС-11 Қыдыров Жандос, студент группы ЭЭ-12 Нигметуллиев Ерлан, студенты группы СТР-12 Сеймулдину Индира и Саматов Асан.

Основной целю данного мероприятия была пропаганда среди молодежи художественной ценности, богатства казахского языка через произведения великого Абая,признанного во всем мире поэта, писателя, общественного деятеля, основоположника современной казахской письменной литературы, а также привитие интереса к культуре казахского народа через творчество поэта.

Вы здесь: Главная Магистрантам «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе...»
Вы здесь: Главная Магистрантам «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе...»