ТМД елдері студенттік көшбасшыларының саммиті

Ағымдағы жылдың 4-7 қазанында С.А.Есенин атындағы Рязан мемлекеттік университетінде ТМД елдері студенттік көшбасшыларының саммиті болып өтті. Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусь, Абхазия, Украина, Молдова, Өзбекстан, Түркменстан және Тәжікстан елдерінің 300-ден астам озық ойлы, жаңашыл, белсенді жастарының басын қосқан халықаралық мәні зор шараға Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің политехникалық факультетінің 4-курс студенті Оралбек Жандауов қатысты. ТМД елдерінің студент жастарының көшбасшыларын бір арнаға тоғыстырған аталмыш саммит достық, бірлік, бауырластық, толеранттылық қасиеттерін ұлықтауды мақсат тұтты. Тілі басқа болса да, тілегі бір, жүзі басқа болса да, жүрегі бір жастар жиылып, ортақ мәселелер төңірегінде пікір алмасты, тәжірибелерімен бөлісті.

Делегаттар орыстың ұлы ақыны С.Есениннің Константиново қаласындағы музей-үйінде, Рязан қаласындағы Кремльде болып, өзге де көрікті жерлерді аралап, орыс халқының мәдениеті мен тарихына тереңірек қанықты.

- Делегаттар біздің Президентіміз Н.Назарбаев саясатының сарабдалдығын, әсіресе, халықаралық аренадағы Назарбаев моделінің айшықты рөлін ерекше атап өткен кезде, жүрегімді мақтаныш сезімі биледі. Қазақстандағы жастарға жасалып отырған қамқорлық жайлы, әсіресе, студент жастардың жаңашыл бастамаларына мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау туралы әңгімелеп бердім.

Саммит барысында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің Достық бәйтерегіне батысқазақстандық жастар атынан ақжарма тілегімді жаздым. Естен кетпес мол әсерге бөленіп, өзге елдердің көшбасшыларымен танысып, тіпті, кейбірімен достасып та үлгердім. Осындай үлкен мүмкіндікті сыйлаған университет ректоратына ризашылығымды білдіремін, - дейді Оралбек Жандауов.

stu-sammit141015-2stu-sammit141015-1

Вы здесь: Главная Магистрантам ТМД елдері студенттік көшбасшыларының саммиті
Вы здесь: Главная Магистрантам ТМД елдері студенттік көшбасшыларының саммиті