Қоғам қайраткеріне мүсін орнатылды

konaev15-1Жексенбі күні Орал қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы саябақта көп жылдар бойы Қазақстанды басқарған ірі мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонавтың мүсіні ашылды.

Оның ашылу рәсіміне қатысқан Д.Қонаевтың көзін көрген замандастары, Орал қаласының құрметті азаматы Жайсаң Ақбай, Иван Гапич   естеліктерімен бөлісті. Ал университетіміздің агрономия факультетінің ІІІ курс студенті Есбол Төлеміс университет түлегі, жас ақын Жәнібек Берікұлының «Димаш атама» атты өлеңін мәнерлеп оқыды. Білім ордасының ректоры Нұрлан Серғалиев бастаған бір топ профессор-оқытушылар құрам да маңызды шараның бел ортасынан табылып, гүл шоқтарын қойды.

Ескерткішті өңірге танымал мүсіншілер Юрий және Дмитрий Баймұқашевтер тұрғызды.

БҚО-дағы Қонаев қоғамдық қорының төрағасы, еңбек ардагері Нұрлан Ізтелеуовтің айтуынша, елімізде бірегей тұлғаның есімін мәңгі есте қалдыру бағытында біраз жұмыстар атқарылып келеді. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысындағы Лениногор полиметалл комбинатына, Алматы қаласындағы К.Маркс көшесіне Д.Қонаевтың аты берілді. Жер ғылымы саласындағы жас ғалымдарға жыл сайын Д.Қонаев атындағы сыйлықтар белгіленді. Сондай-ақ Орал қаласындағы 6-шағынаудан мемлекет қайраткерінің есімімен аталды. Дінмұхамед Қонаев туралы бірнеше естелік кітаптар шығарылды.

konaev15-2konaev15-3

Вы здесь: Главная Магистрантам Қоғам қайраткеріне мүсін орнатылды
Вы здесь: Главная Магистрантам Қоғам қайраткеріне мүсін орнатылды