Ғылым орталығының грантына ие болды

rffiКүні кеше ғана университетімізге сүйінші хабар кеп жетті. Ресей фундаменталды зерттеулер қоры (Ресей Федерациясы) ұйымдастырған ғылыми жобалар сайысында машина жасау факультетінің оқытушысы, жас ғалым Бақытжан Салимовтың «Жоғары жылдамдықты планетарлы диірменді механоактивациялық графитпен майлау, графенді құрылым түзілу арқылы пайдалану сипаттамасын арттыру тәсілдері» атты ғылыми еңбегі үздік деп танылып, ғылым саласындағы озық жобаларды іске асырумен айналысатын бәсі биік ғылым орталығының грантына ие болды.

Оқу ордамыздың ғылыми зерттеу институты мен Тамбов мемлекеттік техникалық университетінің бірлескен жобасы былтыр жыл аяғында ғылыми жобалар додасына түскен болатын. Көршілес мемлекеттердің өнертапқыштары бақ сынаған айтулы сында үздік атану қажырлы еңбекті талап еткені айдан анық.

«Графен өндірісі елімізде кенжелеп қалғаны жасырын емес. Ал әлемге өз өнімдерімен аттары әйгілі алпауыт компаниялар графенді пайдаланып, тұрмыс бұйымдарын шығара бастады. Тек тұрмыстық заттарға ғана емес, әрісі ғарыш, берісі машина жасау, мұнай-газ, байланыс салаларында қолданып жүрген кейбір метелдарды графенмен алмастыру адам өміріне ғана емес, ел экономикасына да өте тиімді. Жоғарыда тізген салалардың бар бөлшектері сырттан келетіні жасырын емес. Ал өз елімізде өндірілген графен сапасы төмен, қауіпсіздігі күмән келтіретін бұйымдардан арылу мүмкіндік береді. Әрі ішкі нарық көлемі де арта түсер еді» - деді жас өнертапқыш Бақытжан Нұржанұлы.

Ғылым грантын иеленген магистр алдағы 3 айда Тамбов мемлекеттік университетінде профессор В.Ф.Першиннің жетекшілігімен жобаны жетілдіре түспек.

Вы здесь: Главная Магистрантам Ғылым орталығының грантына ие болды
Вы здесь: Главная Магистрантам Ғылым орталығының грантына ие болды