Нұр Отандықтар қатары толықты

nurotan-140915«Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалының «Жиһангер» бастауыш партиясы қатары тағы бір адаммен толықты. Атап айтар болсақ, Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов пен «Жиһангер» бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұржан Төлепов сапа менеджменті жүйесі және инновация бөлімінің басшысы экономика ғылымдарының кандидаты Людмила Таршиловаға партиялық билетті салтанатты түрде табыс етті.

Бүгінгі таңда аталған бастауыш партия ұйымының 300–ден аса белсенді мүшесі бар. Соңғы 1 жылда партия мүшелігіне 25 адам қабылданды. Алдағы уақытта 13 партиялық жобаларды атқаруға жаңа мүшелер белсенді кіріседі деген сенім мол.

Вы здесь: Главная Магистрантам Нұр Отандықтар қатары толықты
Вы здесь: Главная Магистрантам Нұр Отандықтар қатары толықты