Оралым – менің арман қалам

kala1Қала күні мерекесіне орай дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Оралым – менің арман қалам» атты гүлдер фестиваліне Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті де атсалысты.

Шаһарымызға сары алтын күз келіп, өз әмірін жүргізе бастағанына қарамастан осынау шырайлы мереке артта қалған жаз күндерін тағы бір есімізге салды. Көздің жауын алар сан алуан композициялар, қала шырайын кіргізер «болашақ» ғимараттар, ғалымдарымыздың алып келген жаңалығы, оқушылардың ой оралымдарындағы тың идеялары бәрі де орталық алаңнан табылды.

Аталған шарада оқу ордамыздың агрономия және машина жасау факультеттері өз өнімдерін қала қонақтарына таныстырумен болды. Әсіресе, Бақытжан Салимовтың жетекшілігімен дайындалған 3D жетілдірілген принтер қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Жобаны әзірлеушілердің сөзіне қарағанда қаржыландыру көзін тапса, аталған құрылғы мектеп пен колледж, арнаулы оқу орындарының студенттеріне ғана емес, өндіріс салаларына да өз пайдасын тигізбек. Ол аз ба бұл ғылыми жоба «Атамекен Стартап» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен конкурста да үздік деп танылыпты.

Еліміздің мәдени кеңістігін ұлғайту, өлкемізде көгалдандыру мәдениетін дамыту, қала тұрғындары мен қонақтарын мемлекетімізді абаттандыруға тарту сынды мәселеде аталған шараның бәсі жоғары екенін көз көрді, көңіл сенді.

 kala2kala3

Вы здесь: Главная Магистрантам Оралым – менің арман қалам
Вы здесь: Главная Магистрантам Оралым – менің арман қалам