Қайырымды шарадан қалыс қалмады

akziaЕртеңгі ел болашағы – зерек, зерделі бала. Ел тұтқасын ұстау үшін де білімді болмақ керек. Әлеуметтік себептермен сабаққа бармаудың алдын алу, күн көрісі төмен отбасылар мен көп балалы отбасыларға оқушыларды сабаққа дайындауда көмек көрсету үшін дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Мектепке жол» акциясынан Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті тыс қалған емес. Биыл да балдырғандардың жаңа оқу жылына оқу-құралдары мен киім-кешегін жинақтауға білім ордасы атсалысып, 10 және 30 жалпы білім беретін мектептерге балалары баратын 20 отбасыға 174 520 мың теңге көлемінде көмек көрсетті.

Шараның балаларды білімге жұмылдырып, оқуға деген қызығушылығын арттырары сөзсіз.

Вы здесь: Главная Магистрантам «Мектепке жол» акциясы
Вы здесь: Главная Магистрантам «Мектепке жол» акциясы