1 қыркүйек – Білім күні мерекесі

bilim kuni-11 қыркүйек – Білім күні мерекесі Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде салтанатты түрде атап өтілді.

Шара барысында сөз алған университет ректоры Нұрлан Серғалиев: «Әрбір халық өзінің болашағын жастармен байланыстырады. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жастар Президентіміздің басты назарында болды. Болашағын тек біліммен байланыстырған жастар бағынбайтын биіктің жоқтығын дәлелдеді. Жаңа құндылықтар жастардың жүрегіне тезірек жол табады. Мен сендерді сапалы білім алуға, спортпен, өнермен айналысуға, шет тілдерді үйренуге, отандық және әлемдік әдебиетті танып-білуге шақырамын», – деп, барша қауымды білім күні мерекесімен құттықтап, оқу орнының жетістіктерімен, жаңа оқу жылындағы жоспарларымен таныстырып өтті.

Биылғы оқу жылы білім ордасы үшін үлкен ерекшеліктерге толы. Осының куәсі ретінде мемлекеттік білім гранттарының 554 иегері біздің білім ордасын таңдады. Бұл көрсеткіш Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік 96 жоғары оқу орындарының арасында 6 орынға шығарып отыр.

Айта кету керек, 2014 жылдан бастап Қазақстанда«Мәңгілік ел жастары - индустрияға» атты «Серпін - 2050» мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді.

2015 жылы бағдарлама техникалық және ауылшаруашылық  мамандықтарын қамтып отыр. Аталған бағдарлама бойынша білім грантына ие болған 351 өрен оқу ордамызда білім алатын болады.

bilim kuni-3«Мен, Қыдыров Жандос, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы, Ақтөбе ауылдық округі, Бозсу елді мекенінің тумасымын. «Серпін» бағдарламасы мен секілді талай жастың арманына қанат бітірді, қиялын ұштады. Елбасымыздың жастарды назардан тыс қалдырмайтынына тағы да көз жетті, көңіл сенді. Жаңа ғана ректорымыз «Бәрін бір атаның балаларындай болып, бір шаңырақ астында білім алып, өркендеп өсіңдер» деп, аталы сөз айтты. Расымен, ұшса құстың қанаты талатын туған жердің әр түкпірінде білім алу, қызмет ету – бүгінгі күннің талабы. Ендеше сол үдеден шығу үшін замандастарыма тек сәттілік тілеймін» - деді серпіндік студент.

Ал үздік аттестат иегері Айжан Байжанова: «Кеше ғана мектеп қабырғасында 11 жыл бойы ұлағатты ұстаздан алған білімді болашағымызға кірпіш қып қаласақ деген асыл арман иесі едік. Бүгін, міне, мемлекеттік грант иегері атанып, сол арманға бір табан жақындай түскендейміз. Ұл-қызының алғашқы жеңісін көрген ата-анамның да қуанышында шек жоқ. Жарты ғасырдан астам тарихы бар білім мен ғылым храмының студенті атану – мен үшін үлкен абырой, Ал сол абыройға тырнақтай дақ түсірмеу – сіз бен біздің басты міндетіміз» - деп барша замандастына үндеу тастады.

Шара барысында сөз алған Президенттік шәкіртақы иегері, экономика және бизнес факультетінің студенті Әйгерім Ерланова: «Қазіргі таңда мен «Экономика және бизнес» факультетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша мемлекеттік грант негізінде білім алып жатырмын. Оқу орнын таңдауда қателеспегеніме қуанамын. Себебі студентке керектің бәрі осында бар. Соңғы үлгіде салынған   атына заты сай   «Студент үйі» толықтай өзіміздің үйге айналды.Мұнда қоры бай кітапхана, тегін wi-fi интернет желісі, арзан асхана бізге алаңсыз білім алуымызға өз септігін тигізуде. Үнемі спорттық-мәдени шаралардың өтуі қоғамда алғыр да озат болуға тәрбиелейді. , әртүрлі спорт-мәдени шаралардың болуы студенттік өмірдің   баянды болуына толық жағдай жасайды. Университетте студенттің   өсіп жетілуі, кәсібилігінің дамуы және тәнінің сау, рухының бай болуы   үшін   ынталандыру және қадағалау жүйесі   жолға қойылған. Оқуда озат, қоғамдық істе белсенді студенттер әрдайым көздің қырында. Олар арнайы марапатқа, атаулы шәкіртақыға және   материалдық көмекке ие бола алады. Үздік оқығаным және қоғамдық өмірдегі белсенділігім үшін Президент шәкіртақысын иелендім. Әрине мен үшін ол үлкен қуаныш, екінші жағынан ол маған үлкен жауапкершілік жүктейтінін жақсы түсінемін. Талай дарынды әрі арынды, әйгілі және айтулы тұлғаларға қанат бітірген іргелі оқу ордасы. Олай болса ұқсап бағатын маманы, үлгі тұтатын   түлегі бар киелі шаңырақтың   студенті деген абыройлы атқа кір келтірмеуге тілектестік білдіре отырып, білім кілтін табыс етемін» - деді.

Салтанат соңы университет өнерпаздарының концертіне ұласты.

bilim kuni-2bilim kuni-4

Вы здесь: Главная Магистрантам 1 қыркүйек – Білім күні мерекесі
Вы здесь: Главная Магистрантам 1 қыркүйек – Білім күні мерекесі