Ұлт жоспары - ғылым мен білімге

txt img kkЕлбасы «Ұлт жоспары» деп айқындап ұсынған институттық реформалардың ішінде білімге негізделген озық ұлттық экономика ең өзектісі болып отыр. Бұл ретте ел Президенті қазақстандықтардың өмір дәрежесін жақсартуға ерекше көңіл бөледі.Мұның өзі мемлекет бақуаттылығының, экономиканың тұрақты дамуының және Қазақстан халқының жаңа сапасына жеткізу негізі ретінде қалың бұқара орта тапты құру үшін қағидалы тұрғыдан аса маңызды. Сондықтан индустрияландыруға негізделген экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін түбегейлі экономикалық реформалар жүргізілетін болады.

Білім беру мен денсаулық сактау бүгінгі таңда озық үлгіде өркендеп ел игілігі мен зияткерлік әлеуеттік қамтамасыз етіп отырған экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің стандарттарына арналған. Президенттің соңғы кезеңдегі жолдауларында еліміздің экономикасы мен қоғамдық өмірін түбегейлі жаңғыртудың стратегиялық міндеттерін шешудің негізі ретінде ғылымды жаңаша ұйымдастыру мен басқаруға айтарлықтай көңіл бөлінген.Ұлттық экономиканың ерекшеліктері мен ғылыми әлеуеттің мүмкіндіктерін есепке ала отырып, ғылыми ізжденістің базалық бағыттары бойынша шашыраңқы зертханалар мен ғылымдар топтарының қажыр-қайратын біріктіретін ғылымды басқарудың жаңа тиімді тетіктері керек.

Елдің экономикалық, қала берді бүкіл мемлекеттік егемендігінің базалық тірегі ретінде іргелі ғылымға басым көңіл бөлінуі керек. Осыған байланысты тиісті қаржылық материалдық жіне моральдық ынталандыруды жасай отырып, республикадағы іргелі ғылымды ұйымдастыру мен басқарудың отандық тәжірибесіне қамқорлық қалқаны қажет.

Біздің пайымдауымызша әсіресе гуманитарлық бағыттағы ғылыми мекемелер желісін құрылымдандыру қажет. Олар ұлттық рухани жаңғыруымыз, жаңа адам капиталына сомдаудың ғылыми негізін функциялық тұрғыдын қалыптастырады.Олар іс жүзінде біздің қоғамдағы идеяларды,мүдделер мен мақсаттарды біріктіретін жаңа үлгідей мультимәдени қауымдастықтың озық ойлы тұжырымдамаларының мұзжарғыштары болуы тиіс.

Жаhандану дәуірінде Президентіміз «Мәңгілік Ел» идеясын ұсынып, жаңа дәуірдің талабына сай гуманитарлық ғылымға аға орта буын болып, жас ғылымдарды тартып біріктіргенде ғана «Мәңгілік Ел» идеясы жүзеге асатын Елбасы бастамасымен іске асырылып жатқан айшықты реформалардың жарқын жаңғырығы міне осындай.

М.М.Тналиев
Қазақстан тарихы және
әлеуметтік-гуманитарлық пәндер
кафедрасының аға оқытушысы, магистр

Вы здесь: Главная Магистрантам Ұлт жоспары - ғылым мен білімге
Вы здесь: Главная Магистрантам Ұлт жоспары - ғылым мен білімге