Жасөспірімдерді заңсыз жұмысқа тарту фактілерін анықтау және алдын-алу бойынша түсіндірме-ақпараттық жұмысы

reid140715-12015 жылдың 30 маусым – 2 шілде аралығында Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы, Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің қолдауымен«Заман» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қоғамдағы құқық бұзушылық және тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру»жобасын іске асыру аясында кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерді заңсыз жұмысқа тарту фактілерін анықтау және алдын-алу бойынша түсіндірме-ақпараттық жұмысыоздырылды.

Шараның негізгі мақсаты ішкі істер органдарыменбірлесе оқушылардың жазғы каникул кезінде заңбұзушылық жасауларының алдын алуға және балаларды жұмысқа заңсыз тартуға тосқауыл болу, кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің ойын-сауық орталықтарында ата-анасының рұқсатынсыз немесе қарауынсыз жүрулерін шектеу болып табылды.

Шараға Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің ювеналдық полиция бөлімі басшысы Габдушев Әділхан, Абай полиця бөлімінің кәмелет жасқа толмағандар ісі бойынша инпекциясы басшысы Сатқанов Қасиет Бақтығалиұлы, Орал қалалық ІІБ Әкімшілік полиця бөлімінің ювеналдық топ полициясы басшысы Ғұсманова Гүлшат Халыққызы,БҚО Жастар ресурстық орталығы мамандары, БАҚ өкілдерінен құралған топтар шахарымыздың көпшілік жиналатын орындары мен базар аумақтарында жұмыс атқарды.

Бүгінгі нарықтық қоғам кейбір кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің жұмысқа жегілуіне түрткі болып отыр. Тіпті, арнайы жүргізілген тексеріс барысында жазғы демалыс уақыттарында еңбек еткен жасөспірімдердің анықталса, бұл сан оқушылардың жазғы демалыс уақтысында еселеп көбейетіні тағы белгілі. Кәмелеттік жасқа толмағандардың жұмыс істеуінің себебін сұрасаңыз, басым бөлігі жанұясындағы әлеуметтік жағдайдың төмендігін алға тартса, екінші біреулері ата-анасының өтініші бойынша еңбек етіп жатырғандарын алға тартады. Оларға заң белгілі мөлшерде ғана еңбек етуге рұқсат бергенімен, құқықтық қағиданы елеп-ескеретіндер некен-саяқ. Шара барысында жалпы қала тұрғындары мен жастарға Орал қалалық ІІБ Әкімшілік полиця бөлімінің ювеналдық топ полициясы басшысы Ғұсманова Гүлшат Халыққызы жасөспірімдердің еңбекке байланысты құқықтары мен міндеттері Азаматтық іс жүргізу кодексі, Еңбек кодексі және Әкімшілік іс жүргізу кодексінде қарастырылған Еңбек кодексінің 181-бабында 14 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге күніне төрт сағаттан аспайтын, аптасына 24 сағатты құрайтын, 16-18 жасқа дейінгілерге күніне 6 сағаттан аспайтын, аптасына 36 сағатты құрайтын жұмыс істеу уақыт ұзақтығы түсіндіріп өтті. Сонымен қатар жұмыста баланың денсаулығына қандай да бір зиян келмеуі, рухани, психологиялық, физиологиялық әртүрлі дамуына кедергі келтіретін факторлар болмауы тиіс екендігін атап көрсетті.

Аталған шараның мағыздылығы қоғамдағы туындап жатырған келіспеушіліктер мен құқықбұзушылықтардың алдын-алуға септігін тигізетіндігіне сеніміміз мол.

reid140715-2reid140715-3

Вы здесь: Главная Магистрантам Біз құқық бұзушылыққа қарсымыз!
Вы здесь: Главная Магистрантам Біз құқық бұзушылыққа қарсымыз!