«Біз есірткіге қарсымыз» атты наразылық акциясы

ashat0307152015 жылдың 26 маусымында Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы, БҚОІшкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, БҚО Жастар саясаты мәслелері басқармасы, БҚО Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Батыс-Қамқор» және «Заман» ЖҚБ ұйымдастыруымен Орал қаласы орталық мәдени-демалыс саябағында «26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні»-не орай «Біз есірткіге қарсымыз» атты наразылық акциясы өткізілді.

Акция барысында сөз алған Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Хлевин Андрей Александрович құттықтауымен қатар, бүгінде көптеген Батысқазақстандық жастарымыздың наркологиялық орталықта есепте тұрғандығын, есірткінің зияны мен оған қарсы күрестің жүйелі жүргізіліп келе жатқандығын, статистикалық мәліметтіерге сүйене отырып атап өтті.

Ал БҚО Жастар саясаты мәслелері басқармасы бөлім басшысы Ранида Ашенова жиналғандарға өмірдің көлеңкелі жағын таңдағанша, осындай іс-шараларда белсенді болып, білім алып, елдің ертеңін қалыптастыруға шақырды.

БҚО Жастар ресурстық орталығының Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Данияр Уалиахметөз кезегінде “Есірткі бизнесіне де тоқтау салуға болады. Ол үшін, ең бастысы, жұдырықтай жұмылып, індетке қарсы соққы бере білу керек”, – деді.

Акцияның ресми сәті аяқталғаннан кейін «Мастер Дэнс» тобы еркін би түрінен би топтамаларын ұсынса, Хамитова Эльнара, Аманжолов Айдар, Отаров Райымбек, Гусманов Салауат сиякты жас әншілеріміз ән шырқады, «Қамқор» ЖҚБ еріктілерімен флеш-моб ұйымдастырылып халықтың көңілін бір көтеріп тастады.

Наразылық акциясы барысында БҚО Ішкі істер департаментінің кинолог мамандарының қатысуымен иісшіл иттердің көмегімен арнайы тығылған есірткі заттарын табу және құқық бұзушылық туындаған жағдайда қашуға немес қарсыласуға жағдай жасаған қылмыскерлерді иттердің көмегімен залалсыздандыру көріністері орынын алып, шағын қойылымды тамашаланды.

Шара соңында «Заман» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асхат Өкшебаев жастарды есірткіге қарсы баулу мен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымовтың арнайы грамотасымен марапатталды.

Вы здесь: Главная Магистрантам «Біз есірткіге қарсымыз» атты наразылық акциясы
Вы здесь: Главная Магистрантам «Біз есірткіге қарсымыз» атты наразылық акциясы