«Байқаңыз, балалар!» акциясы!

aksia-deti-1Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы қолдауымен «Заман» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер арасында «Қоғамдағы құқық бұзушылық және тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру» жобасын іске асыру аясында 2015 жылдың 26 маусымында «Байқаңыз, балалар» акциясы өтті.

Шараның негізгі мақсаты қоғам арасында тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыруды мәдени көпшілік орындарда насихаттау, әртүрлі топтағы жасөспірімдермен байланыс орнатып ұсақ құқық бұзушылыққа деген төзбеушілік жақтарын қалыптастыру, әр түрлі ойындар және сұрақ-жауап арқылы жеткіншектерге«нөлдік төзімділік» қағидатын ақпараттандыру болып табылды.

Аталмыш акцияға Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы Құрманиязова Гүлден Талапқызы, БҚО Жастар саясаты мәслелері басқармасы бөлім басшысы Ранида Ашенова, БҚО Жастар ресурстық орталығының Жастармен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Данияр Уалиахмет, жастар ұйымдары, БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында балаларғаконцерттік бағдарламалар мен түрлі түсті бояумен сурет салу, сұрақ-жауап, еркін би бағытындағы сынды ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар нөлдік төзімділік қағидатын түсіндіру жұмыстары мен арнайы дайындалған флайрлар таратылды.

Акция барысында сөз алған Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасы жетекші маманы Құрманиязова Гүлден Талапқызы жасөспірімдердің қатысуымен аймақтағы жол-көлік оқиғаларының және қоғам арасындағы ұсақ қылмыстардың көбеюіне, олардан санына тоқтала отырып, жасөспірімдерге түрлі қайғылы оқиғаларға себепші болған жол апаттарының себеп-салдарын, жолда жүру ережелерін сақтаған кезде ғана қауіптің болмайтынын нақты мысалдар келтіру арқылы айтып түсіндірді.

Шара соңында «Заман» ЖҚБ төрағасы Асхат Ерболатұлы өткізілген сайыстарда жеңімпаз атанған жасөспірімдерді бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Жастардың ұсыныстарын білуге, қоғамдағы тәртіпсіздіктің алдын-алу шараларына жастардың белсенділігін арттыруға бағытталған шара алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

aksia-deti-2aksia-deti-3

Вы здесь: Главная Магистрантам «Байқаңыз, балалар!» акциясы!
Вы здесь: Главная Магистрантам «Байқаңыз, балалар!» акциясы!