Ауыл шаруашылығына көңіл бөлу – болашақ кепілі

kostanai-1Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-теникалық университетінің «Биотехнология және ветерианрия» ғылыми-зерттеу зертханасының қызметкерлері 22-26 маусым күндері аралығында Қостанай қаласындағы «Қостанай» білім тарату орталығында «Ірі қара малдың асыл тұқымды құндылықтарын бағалауды жүргізу, ұйымдастыру (бонитировкалау)» атты ірі қара малын асылдандыру жұмыстары туралы семинар курсына қатыстқан болатынбыз. Семинар мал шаруашылығын дамыту, ірі қара шаруашылығындағы асылдандыру жұмыстарын жүргізуге арналған мамандарды дайындау және олардың біліктілігін арттыру мәселелерін қамтиды. Семинар курсы барысында еліміздегі және алыс-жақын шетелдегі мал шаруашылығы, сонымен қатар ірі қара шарауашылығы саласындағы соңғы жетістіктері айтылып, олардың елімізде қолдану аясы жайлы да әңгімелер қозғалды. Және де ірі қара шаруашылығының өзекті мәселелелері талқыланып, оларды шешу жолдары туралы ұсыныстар қарастырылды.

Өткізілген семинар барысына еліміздің әр түпкірінен, яғни Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстарынан ғылыми-зерттеу институттарының, шаруашылық басшылары мен мамандарының қатынасуы ірі қара шаруашылығын дамытуда, оны асылдандыру жұмыстарын жүргізуде мамандар тапшылығын жою мүмкіндіігі жоғары екенлігін көрсетті. Аталған іс-шаралардың, семинарлардың өткізілуі еліміздің мал шаруашылығы саласын, соның ішінде ірі қара шаруашылығын дамыту, олардың асыл тұқымдық қасиеттерін жоғарлату, генетикалық әлеуетінің артуын қамтамасыз ету, мамандар тапшылығын жою мәселелерін нақты түрде шешеді деген ойдамыз.

 kostanai-2kostanai-4

Вы здесь: Главная Магистрантам Ауыл шаруашылығына көңіл бөлу – болашақ кепілі
Вы здесь: Главная Магистрантам Ауыл шаруашылығына көңіл бөлу – болашақ кепілі