zhangir-khan1

«Мәңгілік ел жастары-индустрияға» - «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша арнайы грант иегерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары туралы 

Университет аймақтағы бірден бір инфрақұрылымы дамыған типтік «Студенттік кампус» болып табылады. Студенттік кампуста білім алушылардың білім алуларына оқу-зертханалық корпусы, ғылыми кітапхана, редакциялық баспахана, әскери кафедра жұмыс жасайды. Сонымен қатар универсиеттімізде білім алушылардың ғылыми зерттеу жұмыстары мен инновациялық ғылыми жобаларын іске асыру бойынша «Өнімдерді және шикізатты терең өңдеу» басым бағыттары, ғимараттардың энерготиімді құрылыстарын жобалау, салу, химиялық технология, мұнай газ ісі, машиналар мен механизмдердің конструкторлық бөлшектері, жаңа конструкциялық материалдар, ресурс үнемдеуші және энерготиімді технологиялар жасау бойынша «Инжиниринг және ресурстарды үнемдеу» ғылыми-зерттеу институты, ветеринария, мал шаруашылығы, микробиология, өсімдік шаруашылығы, қоршаған ортаға мониторингтік бағыттағы зерттеу жұмыстар бойынша «Биотехнология және табиғатты пайдалану ғылыми-зерттеу институты», топырақтану және агрохимия аясындағы зерттеу жұмыстары, топырақты қорғау, бағалау, экологиялық жағдайын бағалау, бонитировка, маниторинг жүргізу, топырақ құнарлығын арттыру және сақтау, тыңайтқыштар қолданудың ғылыми жүйесін қалыптастыру, топыраққа агрохимиялық зерттеулер жүргізу бойынша «Топырақтану және агрохимия зерттеу зертханасы» жұмыс жасайды.

Жоғарыда аталған зерттеу институттары мен зертханалар зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған соңғы үлгідегі зертханалық-техникалық қондырғылармен жабдықталған. Университетіміздің студенттері «Студенттердің өзін-өзі басқаруы және Қазақстанда демократиялық қатысу» «TEMPUS», «STUDIK» халықаралық жобасында жұмыс жасап келеді. Негізгі мақсаты: студенттік өзін-өзі басқаруды нығайту мен дамыту болып табылады. Магистарантар, докторанттар, студенттер және университет ғалымдарының ғылыми-техникалық жұмыстарының нәтижелерін коммерциализациялау және консультативтік кеңестер беру үшін Комерциализациялау офисі құрылып, жұмыс жасайды. Білім алушылардың демалысын және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру бойынша «Парасат» оқу телестудиясы, студенттік медициналық орталық, тың игерушілер алеясы, студенттік үй, студенттік жатақхана, спорт зал, асхана-кафе, жастардың мәдени демалыс орны, Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық мұражай, т.с.с. орналасқан.

Құрылған кампус инфрақұрылымы білім алушылардың үздіксіз тәрбиесімен, білім беруіне және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге тиімді.

Жатақханалардағы студенттердің тұрмыстық жағдайлары

Студенттік үй және студенттік жатақханалар Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың Студенттік кампусында орналасқан, Жалпы сыйымдылығы2140 студент. Орналасқан жерінің қолайлылығы, тұру бағасы қол жетімді. Студенттік жатақханада тұру-құны қаладағы пәтерді жалдау құнынан едәуір төмен. Өтініш беру мен жалпы талаптар арнайы тәртіппен жүргізіледі.

Әрбір жылдың соңында арнайы комиссия отырысының шешімімен жатақханаларда тұратын студенттердің тізімі жинақталып, университетіміздің «Заңғар» газетіне жарияланады. Студенттік үй және жатақханалар жөніндегі мәліметтер келесі кестеде көрсетілген.

Жоғары оқу орнындағы білімгерлер жатақханасы жөніндегі мәлімет

Жатақхананың нөмірі, (атауы) мекен-жайы, телефоны

Жатақхананың түрі, (секциялық, дәліздік)

Берілген жылы

Жөндеу жүргізілген жылы

Жалпы ауданы

Төсек-орын саны

№1жатақхана,

Жәңгір хан к-сі., 45

Дәліздік

1989

2015 ж.-күрделі

1665

200

№2 жатақхана,

Жәңгір хан к-сі., 49

Дәліздік

1989

2013 ж.-күрделі

4917,7

526

№3 жатақхана,

Жәңгір хан к-сі., 43 Лит «А.Б»

Секциялық

1975

2012 ж.-күрделі

6692,2

544

№1 студенттер үйі,

Жәңгір хан к-сі., 45/1

Дәліздік

2011

 

11496,5

870

№1 студенттер үйі және №1,2,3 жатақханалар

24771,4

2140

№2 студенттік жатақханада екі жуынатын (душевой) бөлме азаматтардың жынысына қарай қолданылуға есептелген. №1, 2, 3 Жатақханаларда тұратындарға 6 оқу залы, 46 ас бөлмесі, 4 кір жуатын бөлме, 4 киім үтіктейтін бөлме, 4 ТВ-бөлме, 2-үлкен кинозал, 3 асхана қызметі, 2 дүкен қызмет көрсетсетсе, №1 студенттік үйде жуынатын бөлме, ас бөлмесі, кір жуатын және шомылатын ваннасы әр бөлмелерде қарастырылып, орталықтандырылған кір жуу машиналары жұмыс жасайды.

Сонымен қатар 1-үлкен кинозал, 1-электронды оқулықтармен жұмыс жасайтын компьютерлік класс, 2-оқу залы, 1-асхана қызмет көрсетеді. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жатақханада аптасына жеті күн, тәулігіне жиырма төрт сағат қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері жұмыс атқарады. Студенттік үй және жатақханалардың дәліздері мен кіре берістері және алаңдары арнайы видеобақылау жабдықтарымен жабдықталған.

Студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында студенттік тұрғын үйлердің есіктері 22:00-де жабылып, 23:00-ден бастап старосталар көмегімен тұрғындардың түгелдігі тексеріліп, анықталып отырады.

Жоғары оқу орнындағы білімгерлер жатақханасының айлық және жылдық төлемі жөніндегі мәлімет

Жатақхананың нөмірі, (атауы) мекен-жайы, телефоны

Жатақхананың түрі, (секциялық, дәліздік)

Берілген жылы

Айына

Жылына

№1 жатақхана,

Жәңгір хан к-сі., 45

Дәліздік

1989

2346

23460

№2 жатақхана,

Жәңгір хан к-сі., 49

Дәліздік

1989

2346

23460

№3 жатақхана,

Жәңгір хан к-сі., 43 Лит «А.Б»

Секциялық

1975

2346

23460

№1 студенттер үйі,

Жәңгір хан к-сі., 45/1

Дәліздік

2011

2514

25140

Салауатты өмір салтын насихаттау және студенттік үй/жатақханалардағы білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында үлкен спортзал - 1029,5 м2, кіші спортзал - 360 м, күрес залы 270 м2, теннис залы 216 м2 , тренажер залы 72 м2,атлетикалық зал 54 м2 , күрес залы «Геркулес» 36 м2 , Бакалавр ғимаратында орналасқан спорт зал 180 м2 , «Нива» спорттық сауықтыру кешенінде спорт зал 310,5 м2 ,Ветеринарлық медицина және биотехнология факультетінде тир 200 м2, №1Студенттер үйі спорт зал 180 м2 жұмыс жасайды.

«Мәңгілік ел жастары - индустрияға» - «Серпін-2050» әлеуметтік жобасына қатысушы жоғарғы оқу орындары арасында 2015-2016 оқу жылдарына арналған студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары бойынша анықтама

Жоғарғы оқу орны атауы: Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті

serpin-anyktama

 

Вы здесь: Главная Грант иегерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық, жатақхана жағдайлары
Вы здесь: Главная Грант иегерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық, жатақхана жағдайлары