zhangir-khan1

Материалы

Еуразиялық ықпалдастықтың басымдықтары талқыланды

euraz090614-1Ағымдағы жылдың 6 маусымында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Ғылыми кеңестің кезектен тыс кеңейтілген отырысы өтті. «Еуразиялық ықпалдастықтың жекелеген аспектілері» тақырыбындағы ғылыми кеңеске «Нұр Отан» партиясының Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлібек Байнешев, факультет декандары, кафедра меңгерушілері мен бөлім жетекшілері, магистранттар мен докторанттар қатысты. Университет ректорының міндетін уақытша атқарушы, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрлан Хабиболлаұлы СерғалиевЕуразиялық экономикалық одақтың жоғары білім беру жүйесін жетілдіруде жаңа мүмкіндіктер ашатынын, ғылыми қауымдастық пен жоғары мектеп алдына Болон үдерісінің негізгі талаптарын жүзеге асыруда келелі міндеттер жүктейтінін атап өтті.

Қазіргі таңда университет Ресей, Беларусь, Украина, Румыния, Сербия, Венгрия, Болгария, Латвия, Литва, Эстония, Қытай, Вьетнам және Германия мемлекеттерінің жоғары оқу орындарымен халықаралық әріптестікті жүзеге асырады.

Мәселен, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында2013-2014 оқу жылында 17 шетелдік ғалым университетімізге келіп, студенттерімізге дәріс оқыса, 14 студентіміз бен магистрантымыз Ресей ФедерациясыныңВолгоград мемлекеттік аграрлық университетінде, Астрахань мемлекеттік техникалық университетінде, К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясында, Ресей мемлекеттік аграрлық университетінде академиялық алмасу бойынша білімдерін шыңдап оралса, Калмык мемлекеттік университетінен келген 5 студент агрономия, ветеринарлық медицина және биотехнология факультеттерінде білімдерін жетілдірді. Сондай-ақ 11 оқытушымыз Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарында болып, біліктілік арттырды.

euraz090614-2Соңғы бес жыл ішінде қосымша білім беру бағдарламалары аясында 800 студент Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов университетінде, Саратов мемлекеттік техникалық университетінде, Уфа мемлекеттік мұнай-техникалық университетінде білім алса, оқытушыларымыз ресейлік және беларусьтық жетекші университеттердің магистратураларында білімдерін жетілдірді. Еуразиялық экономикалық Одақ аясындағы келісім шарт арқасында халықаралық әріптестігіміз беки түсіп, магистранттарымыз бен докторанттарымыздың қатары артатынына сенім мол.

Беларусь Республикасындағы Минск трактор зауыты ертеден келе жатқан сыралғы әріптес. Соңғы екі жылда аталмыш зауыт базасында агроинженерия мамандығының 20 студенті теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды.

«Еуразиялық экономикалық одақ – келешекке кемел даму» тақырыбында баяндама жасаған ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, университет ректорының кеңесшісі Қазыбай Қараұлы Бозымов: Еуразиялық экономикалық Одақ аясында білім-ғылым саласындағы халықаралық әріптестік өрісінің кеңейе түсетіндігі қуантады. Өйткені, маман даярлау ісіндегі мол тәжірибені бірлесіп игеру үш тарап үшін де өте тиімді» - деді.

Кейін сөз алған экономика және бизнес факультетінің деканы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Раушан Смадинқызы Ғабдуалиева, экономика және болжамдау кафедрасының меңгерушісі Айгүл Мамайқызы Қазамбаева, оқу ордамыздағы тарихи-этнографиялық музейдің меңгерушісі Нұржан Жолдығалиұлы Төлепов Еуразиялық экономикалық одақтың басым бағыттарына ерекше назар аударды.

Шарада ортаға ой тастаған «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының 2 курс магистранты А.Л.Қисметова мен «Ветеринарлық медицина» мамандығының 2 курс докторанты М.Ғ.Кәкішев жастардың елеулі оқиғадан сырт қалмай, ел дамуындағы маңызды істердің бел ортасында жүретіндігіне сенім танытты.

euraz090614-3

Социальные сети

facebookevkvk2you tube

Вы здесь: Главная
Вы здесь: Главная