zhangir-khan1

Материалы

Еуразиялық экономикалық одақ – қуатты дамудың бастауы

eurazis90614-3Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттері арасындағы аталмыш интеграциялық әріптестікті жаһандық саясатшылар қазірден-ақ «Дамудың жаңа динамикасы» деп бағалап отыр.ЖуырдаЖәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері және магистранттары арасында Еуразиялық экономикалық одақтың даму болашағы сараланған алқалы жиын болып өтті.

Ең алғашқы болып сөз алған университеттің тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов: «Мамырдың 29 күні Қазақстан, Ресей, Беларусь елдері арасында Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісім шартқа қол қойылды. Осы ұйымның мән-маңызы туралы, біздің еліміз үшін орын алатын артықшылықтары мен пайдасы туралы түсіндіру, талқылау мақсатында жиналып отырмыз», – деп кезекті баяндамашыларға берді.

Экономика және бизнес факультетінің деканы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Раушан ҒабдуалиеваЕуразиялық экономикалық одақ жайында, оның маңызы жөнінде ойын жеткізе отырып, еуразиялық кеңістік интеграциясының өлшемдерін түсіндіріп өтті. Экономикалық, әскери-саяси және мәдени-қоғамдық өлшемдер туралы ақпарат беріп интергациялық, экономикалық дамуда, ел экономикасының тұрақтануында, дүниежүзілік қаржылық дағдарыс жағдайында одақ қызметінің маңызы зор болатындығына сенімін білдірді.

eurazis90614-2Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың осыдан 20 жыл бұрынғы Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграция шапшаң әрі тиімді өрбіді. Мәселен, бар-жоғы үш жылда Кеден одағы құрылды. Ал бұл жолды Еуропа одағы әлдеқайда ұзаққа созған болатын. Кеден одағы Еуразиялық экономикалық кеңістікті құруға ұласты. Ал Еуразиялық экономикалық одақ құруда Елбасы Мәскеудегі ғылыми элита алдында Еуразиялық экономикалық одақ ТМД-дан бөлек қағидаттармен құрылуы тиістігін айтып, ең маңызды мәселе ретінде: «егемендікке, ішкі мемлекеттік-саяси құрылымға, әр қатысушының сыртқы саясаттағы қызметіне ешкімнің қол сұғуға қақысы жоқ» деп мәлімдеді.

Қазақстан тарихы және әлеуметтік пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ғалия Саркулова, 1 курс магистранты Қарлыға Елеуова, политехникалық факультетінің 3 курс студенті Жансая Тұрғанбек өз баяндамаларында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттердің дербес тарихы енді ғана жазыла бастаған сонау 1994 жылы батыл интеграциялық жоба туралы ұсыныс жасауын нағыз сұңғыла саясаткерлерге ғана тән көрегендік, даналық деп бағалады.

Аталмыш халықаралық одақтың жастарға үлкен мүмкіндіктер ашатындығына, әсіресе, сапалы білім алуда, кәсіби машықтануда ерекше басымдық беретіндігіне тоқталған студенттер Еуразиялық экономикалық одақтың болашағы жарқын боларына нық сенім білдірді.

Социальные сети

facebookevkvk2you tube

Вы здесь: Главная
Вы здесь: Главная