zhangir-khan1

Құрметті Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттері!

2017 жылдың 4 – 30 қыркүйек аралығында университетте КПО б.в. компаниясында кәсіби практика ұйымдастыру мақсатында студенттердің құжаттарын жинап, іріктеу жұмысы жүргізіледі.

КПО б.в. компаниясына практикаға университеттің төменде көрсетілген мамандықтар бойынша даярланатын, оқу үлгерімдері 3,0 баллдан кем емес 2, 3 курс студенттері жіберіледі:

- Мұнай газ ісі;

- Технологиялық машиналар және жабдықтар;

- Машина жасау;

- Органикалық заттардың химиялық технологиясы;

- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы;

- Стандарттау, сертификаттау және метрология;

- Газ-мұнай құбырлары және газ-мұнай қоймаларының құрылысы;

- Электр энергетикасы;

- Аспап жасау;

- Ақпараттық жүйелер;

- Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;

- Көлік, көлік техникасы и технологиялар;

- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру;

- Экология;

- Экономика;

- Есеп және аудит;

- Менеджмент;

- Қаржы.

Практика  мерзімі 1 ай, практика ақысыз.

КПО б.в. мекемесінде практикадан өтуге тілек білдіретін студенттердің барлық сұрақтарымен «Экономика және бизнес» факультетінің оқу ғимаратының 203 бөлмесінде орналасқан «Кәсіптік практика және жұмысқа орналастыру» орталығына жолығуларыңыз сұралады.

Кәсіптік практика және түлектерді
жұмысқа орналастыру орталығы

Вы здесь: Главная Воспитательная||и социальная работа Видеотека КПО б.в. компаниясында кәсіби практика
Вы здесь: Главная Воспитательная||и социальная работа Видеотека КПО б.в. компаниясында кәсіби практика