Оқытуды бақылау жəне жоспарлау басқармасы

Жалпы ережелер

Оқытуды бақылау жəне жоспарлау басқармасы (бұдан əрі – ОБ ж/е ЖБ) Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, университетте оқу жұмысын ұйымдастыруды, оны үйлестіруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ факультеттер мен кафедралардың білім беру қызметін қадағалайды.

ОБ ж/е ЖБ Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және өкімдерін, жоғары оқу орындарының басқару органдарының бұйрықтары мен тапсырмаларын, университеттің жарғысы мен, университеттің Ғылыми кеңесінің шешімдерін, басқарма төрағасы - ректордың бұйрықтарын, жоғары кәсіби білім беру мекемесінде оқу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүзеге асырудағы қолданыстағы нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.

ОБ ж/е ЖБ негізгі міндеттері:

1. Білім беру сапасы саласындағы саясат пен мақсаттарды жүзеге асыру;

2. Жоғары және ЖОО кейінгі білім берудің даму стратегиясын жүзеге асыру;

3. Оқу процесін ұйымдастыру жəне жоспарлау;

4. Оқу процесіне инновациялық әдістер мен технологияларды, оқу удерісін ұйымдастыру мен жоспарлауын жаңа формаларын енгізу;

5. Білім беру бағдарламаларының мазмұнын, олардың жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік білім беру стандарттарының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік актілерінің талаптарына сәйкестігін ұйымдастыру және бақылау;

6. Университет факультеттері мен кафедраларының оқу әрекеттерін үйлестіру;

7. Кафедраларда оқу жүктемесін жоспарлау жəне бөлу нəтижелерін талдау, оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасақтау;

8. Сабақтың барлық түрлерін, білім алушылардың білімін аралық жəне қорытынды бақылаудың сапасын бақылау.

ОБ ж/е ЖБ қызметтері:

1. Оқу жоспарларын құрастыру, қайта қарау жəне жетілдіру жұмыстарына басшылық ету;

2. Университет кафедраларын жаңа оқу жылына даярлығын тексеру;

3. Оқу үдерісін жоспарлау, ПОҚ оқу жүктемелерін есептеу,академиялық күнтізбені қалыптастыру;

4. Оқытушыларды жұмысқа қабылдауға қатысу, олардың оқу жұмысын орындауын бақылауды жүзеге асыру жəне төлемақы төлеу үшін өтінішті рəсімдеу;

5. МАК құжаттарын дайындауға қатысу, олардың жұмыс кестелерінің орындалуын бақылау жəне нəтижелерін талдау;

6. Оқу сабақтарының өткізілуін бақылау, анықталған кемшіліктерді жою бойынша шараларды кафедралардың орындауын тексеру жəне тексеру нəтижелерін талқылау;

7. Университеттің оқу процесі мəселелері бойынша аналитикалық, есептік, ақпараттық, анықтамалық, нормативті жəне т.б. құжаттарын дайындау;

8. ҚР БҒМ формасына сай мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауысулардың құжаттарын дұрыс толтырылуын бақылау;

9. Сабақ кестесін құру, оның орындалуын бақылау; Аудиториялық қордың тиімді бөлінуі мен пайдалануын жүзеге асыру;

 

zaure 

Оқытуды бақылау жəне жоспарлау басқармасының жетекшісі

Мукашева Зауре Уфинична 
Оқытуды бақылау жəне жоспарлау басқармасының құрамына 4 бөлім кіреді:
akadem-2 Академиялық сабақтарды ұйымдастыру бөлімі
akadem-3 Академиялық сабақтарды жоспарлау бөлімі
 MG 6319 600x347 Тіркеу бөлімі
14 Білім алушыларды есепке алу және жеке құжаттарды мұрағатқа дейін сақтау бөлімі

Байланыс:

Телефоны: 8(7112) 51-61-23; ішкі телефоны: 2-24

Қабылдау уақыты: Дүйсенбі-жұма  9.00- 13.00, 14.00-18.00

Бас ғимарат, 206 бөлме

Эл. Пошта: zaure.m.66@mail.ru 

 
Вы здесь: Главная Басшылық және бөлімшелер Оқытуды бақылау және жоспарлау басқармасы
Вы здесь: Главная Басшылық және бөлімшелер Оқытуды бақылау және жоспарлау басқармасы