Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі университеттің магистратура және докторантура мамандықтары бойынша оқу үрдісінің қызметтенуін және дамуын қамтамасыз ететін құрылымдық бөлім болып табылады.

Негізгі міндеттер:

1. Магистранттар мен докторанттардың сапалы жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуына жәрдемдесу.

2. Магистранттар мен докторанттардың жеке траекториялы білім алуларын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.

Негізгі қызметтер:

1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру.

2. Кафедралар мен факультеттердің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша оқу – әдістемелік жұмыстарын координациялау.

3. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сұрақтары бойынша ішкі нормативті құжаттар дайындауға қатысу.

4. Ұқсас жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының білім беру бағдарламаларын бірегейлендіру бойынша ұсыныстар беру.

5. МЖМББС талаптарына сәйкес магистратура және докторантура мамандықтарының оқу жұмыс жоспарларын сараптау.

6. Магистранттар мен докторанттардың оқу жетістіктер деңгейін талдау.

 

Вы здесь: Главная Басшылық және бөлімшелер Бөлімдер
Вы здесь: Главная Басшылық және бөлімшелер Бөлімдер