zhangir-khan1

"Заңғар" газетінің редакциясы

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Заңғар» газеті 2004 жылдың наурыз айында алғаш жарыққа шықты. Университет жаршысыатанған басылым айына екі рет А4форматында 8 бет көлемменшығады.

Он екі жылдық тарихы бар газеттің негізгі бағыт-бағдары – студент жастарды оқу-білімге, оларды өз Отанын, халқын, тілін, әдебиеті мен мәдениетін сүюге баулу. Өткен жылдардың ішінде «Заңғар» газеті студенттер мен профессор-оқытушылар қауымын университеттің тыныс-тіршілігімен таныстырып, елең еткізер жаңалықтармен бөлісіп, танымдық-тәрбиелік мақалалармен қызықтыра білді. Негізгі оқырманымыз – жастар. Сондықтан газетте жастарға қатысты мақалалар мен олардың жетістіктері, жастар шығармашылығы жарияланады.

Біздің тұрақты айдарларымыз: «Біздің замандас», «Жастар шығармашылығы», «Жастар және саясат», «Денсаулық», «Біздің түлектер» және т.б. Сондай-ақ, газет оқырмандары еліміздегі елеулі оқиғалар жөніндегі өз пікірлерін білдіреді.

«Заңғар» газетінің алғашқы редакторы – Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, ұзақ жылдар бойы журналистика саласында қызмет атқарған белгілі журналист  - Тәрбие Орынғалиқызы Смағұлова. Одан кейін Мұратбек Санақұлы Ержақыпов газет жұмысына басшылық жасап, оның студенттер арасында кеңінен насихатталуына, университет айнасына айналуына үлес қосты. Одан кейінгі жылдары газет редакторының міндетін университетіміздің түлегі Жидегүл Гафарқызы Аманғалиева, Динара Жұмабекқызы Есентаева, Айгүл Жолсарықызы Ахметовалар атқарды.

Бүгінгі таңда «Заңғар» газетінің редакциясында бас редактор Динара Жұмабекқызы Альпейсова, тілші Айнұр Өтегенқызы Базарова және дизайнер Қайрат Мақсотұлы Исимов жұмыс жасауда.

Социальные сети

facebookevkvk2you tube

Вы здесь: Главная Газет редакциясы
Вы здесь: Главная Газет редакциясы